Түркістан облысы: Арыс қаласында 2161 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды
Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды. Бүгінгі таңда 17 секторда қолға алынған құрылыстың көбі кетіп, азы қалған. Мәселен, Жамбыл облысы №3 сектордағы 312 үйді берілген мерзімде 100 пайыз жөндеп бітеміз деп отыр. Қазіргі таңда онда 438 адам жұмылдырылған. Бұл туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді.
- Бөлім:  Билік және саясат