Super User

Super User

Түркістан қаласында экологиялық таза өнім шығаратын зауыттың құрылысы бастау алды

Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында бір рет қолданатын биоыдырайтын ыдыстар мен қаптама өндіретін заманауи зауыттың іргетасы қаланды. Жобаны «PULPSTYLE» ЖШС іске асырмақ.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа кәсіпорынның капсуласын салу рәсіміне қатысып, жобаның сәтті жүзеге асуына тілек білдірді.

Түркістан қаласында жылына 10 млн метр джинсы матасын өндіретін зауыттың капсуласы салынды

Түркістан облысының экономикалық ахуалын жақсарту, өңірге инвестиция тарту, отандық өндірісті дамыту мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді. Осы мақсатта Түркістанда кезекті жоба бастау алып, джинсы маталарын шығаратын кәсіпорынның іргетасы қаланды. Оған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС-ның директоры Жин Ёуйй қатысып, мақта-мата жібін иіру мен джинсы маталарын өндіру желілерінің құрылысының капсуласын салды.

Түркістан қаласында пластик ыдыстары мен полиэтилен пакеттерін өндіретін зауыт іске қосылды

Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймағында «ER-QAN GROUP» ЖШС-нің орамдағы полиэтилен пакеттері мен желім (пластик) ыдыстарын шығаратын зауыт іске қосылды. Кәсіпорынның ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, нысанды аралап көрді. Өңірде өндіріс саласын қарқынды дамыту жолында тынбай жұмыс істеп жатқан азаматтарға алғысын жеткізіп, экспорт көлемін ұлғайту жөнінде пікір алмасты.

Түркістан қаласы: инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу мәселелері талқыланды

Түркістан қаласында маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша кезекті кездесу өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала прокуратурасы инвестициялық жобаларды құқықтық қолдауды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Осы RSS каналға жазылу