Жиында қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы мен экономика және қаржы бөлімінің баяндамалары тыңдалып, бюджет кірістерін ұлғайту және негізгі көрсеткіштерді жыл соңына дейін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды. Өткен айлардың қорытындысы бойынша экономиканың нақты секторында оң динамика қалыптасқан. Түркістан қаласында өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 128,7%, өңдеу өнеркәсібінде 132,5%, бөлшек сауда көлемінде 133,3%, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 124,9% болды. Қала экономикасына инвестиция тарту жұмыстары да қарқын алған. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 190,8 млрд теңгені құрады.
Түркістанның туристік әлеуеті де жоғары қарқынмен артып келеді. Жыл басынан бері туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 39 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 160%-ға өскен. І тоқсанда ішкі туристер саны 37 715 адамды құраса, ІІ тоқсанда шетелдік туристер саны 15 167 адамға жетіп, өсім тіркелген.Әлеуметтік бағытта да оң нәтижелер бар. Жеке инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жыл басынан бері 1 700 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, биыл 919 отбасыны, яғни қала халқының 2,2%-ын құрады. Әзімбек Пазылбекұлы мәжіліс соңында бюджеттің кіріс бөлігін одан әрі ұлғайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.
Тақырыпқа орай Түркістан қаласында туризм саласы қалай өркендеп жатыр деген сауалға жауап іздеп көрсек. Осыдан жиырма бесжыл бұрын бір жарым мың жылдық мерейтойын атап өткен көне шаһар бұрыннан ілім-ғылымның, руханият пен мәдениеттің, сауда-саттық пен саяхатшылардың нағыз ордасы болған. Өңірдегі жүздеген тарихи мұраларды айтпаған күннің өзінде, Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің өзі-ақ күллі адамзат үшін баға жетпес жәдігер болып саналады. Дегенмен, Түркістан өңірі бұл деңгейде тоқтап қалмай, күн сайын заман талабына сай өркендеп келе жатыр десек, қателеспейміз.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Түркістан қаласы былтыр ерекше туристік мәртебеге ие болса, биыл нааурыз айында Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Осыған сәйкес, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтап қалу үшін Түркістан қаласының аумағында тарихи нысандарға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар кесенені қорғау аймағында биіктігі 7 метрден асатын және оның шекарасынан 100 метр қашықтықта ауқымы, түсі мен құрылыс материалдары бойынша ескерткіштермен үйлеспейтін нысандар салуға рұқсат етілмейді.
Шаһар аумағында археологиялық ескерткіштердің резерваты құрылады. Қалада жайлы орта құру, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарға инфрақұрылымдарды қолжетімді ету және инклюзивті туризмді дамыту маңызды бағытқа айналады. Бұл жергілікті тұрғындар мен туристер үшін қаланы қолайлы әрі тартымды етуге мүмкіндік береді. Қаланың дамуын тиімді басқару үшін Түркістанның әкімдігі мен мәслихаты қосымша өкілеттікке ие болады. Сол арқылы шешімдерді қабылдау үдерісі жеделдейді, тарихи-мәдени нысандарды сақтауға бақылау күшейеді және қаланың бірыңғай дизайн коды енгізіледі. Өз кезегінде мемлекеттік бақылау қолөнер шеберлерін қолдауға, көлік транзитін реттеуге және қаланың тарихи бірегейлігін сақтауға ықпал етеді.
Түркістан қаласында туризмді дамыту жоспарына сәйкес, туристерге жайлы жағдай жасау арқылы 4 жыл ішінде келушілер саның бір миллион адамға жеткізу көзделген. Ең бастысы – өңірдің туристік деңгейін көтеру, салаға инвестиция тарту, эко-туризмді өркендету және емдеу-сауықтыру саласын ілгерілету бағыттарына басымдық берілген. Нәтижесінде облыс көлемінде былтыр қырықтан аса іс-шара өткізілді. Жыл басында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі облыс орталығының тағы бір туристік ғимаратпен толығатынын хабарлады. Ол бірнеше қонақүй мен дәмхана және көрме орталығы орналасатын, жиырмадан аса шеберге арнайы шеберхана берілетін қолөнершілер қалашығы. Сонымен қатар, 2024 жылдың басынан бастап Түркістан мен Әбу-Дәби арасында бағасы қолжетімді әуе рейсі ашылды. Аптасына бірнеше рет қатынайтын бұл рейстің де өңір туризмі мен экономикасына айрықша үлес қосатыны сөзсіз. Тиісінше, туризмді өңірлік деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде дамытуға да мүмкіндік ол болмақ. Осы рейс ашылғанда облыс әкімінің орынбасары Түркістанға келушілер саны жылына бір миллион адамға жеткенін, аталған салаға бес жыл ішінде 356 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылғанын, облыс орталығында жаңадан қырыққа тарта қонақүй салынғанын атап өткен еді.
Түркістан өңірінде емдеу және сауықтыру туризмі де ауыз толтырып айтарлықтай деңгейге көтерілген. Оның басым бөлігі Сарыағаш ауданында орналасқаны да көпшілікке мәлім болар. Енді Сарыағаштың курорттық аумағы одан сайын дами түспек. Бүгінде аталған ауданда жетпістен астам емдеу-сауықтыру орталығы мен алпысқа жуық шипажай халыққа қызмет көрсетіп жатыр екен. Алдағы уақытта осы орталықтарға Түркістандағы туризм және меймандостық университетінің алғашқы түлектері жұмысқа тартылмақ. Одан да өзге жұмыстарға басымдық берілетін болады.
Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, туризм кластерінің басым бағыты, көлік инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған. Облыс орталығы – Түркістан қаласы — тарихи туризмнің алтын ұясы. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда. Сондықтан Түркістанда толықтай туристерге қызмет көрсете алатын орындар баршылық.
Айта кетсек, шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде облыс аумағында 1 754 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан. Бұл — Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары екенін көрсетеді. Тарихи туризмнің алтын ұясы десек те артық болмайды. Бүгінде республикамыздағы аудан, ауыл жастары спортпен шұғылдану үшін мектеп интернат-колледждерде білім алуы керек. Қазіргі таңда еліміз бойынша 20 аймақтың 12-інде спорт мектеп интернат-колледжі бар болса, қалған 8 өңірде жаңадан ашылатын болады. Осылайша, кемелді келешек иелері кәсіби спортқа тарту жолында игілікті істер жалғаса береді. Сонымен қатар, жыл сайын Түркістан облысының сауықтыру шипажайлары мен диспансерлеріне шамамен 50 мыңнан астам турист келеді. Жалпы алғанда, аймақта демалушыларға диагностикалық медициналық қызметтердің кең спектрін, нәтижелі емделуді және толық тыныштық пен тепе-теңдік жағдайындағы жанға жайлы демалысты ұсынатын 60-тан астам мекеме бар.
Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхат- тауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орын дары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризм ге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы – кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады.
Қазақстанда туризмді шынайы бағалау экономика үшін салыстырмалы түрде кештеу келді. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласы на және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады. Қазақстанның ұлттық тарихы үшін маңызы өте жоғары көптеген архитектуралық, археологиялық және тарихи нысандар қалпына келтіру жұмыстарын өте қажетсініп отыр. Архитектуралық бағытта қаланың алып жатқан аумағын үш аймаққа бөлуге болады:
• Қожа Ахмет Ясауи атындағы мұражайлық кешен төңірегіндегі тарихи-мәдени ескерткіштер;
• әкімшілік, орталық алаң, мейманхана лар мен мейрамханалар орналасқан әкімшілік орталық;
• Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың негізгі оқу, ғылыми орталықтары мен қосалқы оқу кешендері және мәдени орталықтары орналасқан ғылыми-ағартушылық аймақ.
Қаланың құрылыстық-сәулеттік мүмкіншіліктеріне келсек, қаланың орналасуы ендік бағытта созылып орналасқан. Оған себеп – облыс орталығымен және аймақтағы басқа да елді мекендермен жалғастыратын жол магистралдары мен Арыс-Түркістан су арнасының өтуі. Мұның өзі туризм саласына оң септігін тигізеді. Қазақстанның туризм саласын дамытудағы өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын кейбір сарапшылар сенімді түрде айтып жүр.
Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болу ына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі ретінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін айтуға болады.
Жылына келіп жатқан туристерге сапалы қызмет көрсететін мүмкіндік жасасақ, бұл қаланың экономикасына түсетін қаражат көлемі көбейе түсер еді. Қазіргі уақытта Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту негізгі бағыттардың қатарына еніп отыр. Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болуы на қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін.
Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады. Бүгінгі күні туристік индустрияны дамытуға ішкі және шетелдік инвестицияны тарту үшін елімізде барлық жағдай бар. Сондықтан аймақтағы инвестициялық тартымдылықты басқару мәселесі экономиканың тұрақты дамуы мәселесін шешуде өзекті болып табылады.
«Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой..» деп қазақтың бірлігі мен Алаштың азаттығы үшін күрескен танымал тұлға Мағжан Жұмабев жырлағандай, осы жерде туған әр қазақ рухани бай болуы тиіс екені айтпаса да түсінікті. Екінші Мекке атанып кеткен бұл өңірге жыл сайын шет мемлекеттерден мыңдаған туристтер қатынайды. Жергілікті тұрғындар мен туристтер көптеп баратын Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен бөлек бөл өңірде ата-бабасына тағзым етіп, рухани азық алатын жерлер қаншама. Осы тұста Түркістан шаһарындағы көненің көзіндей болған тарихи ескерткіштер туралы да мәліметтерді оқырмандарға ұсына кетсек.
Шығыс моншасы
Түркістан қаласындағы архитектура ескерткіші. Жартылай жер астына салынған көп күмбезді құрылыс күйдірілген шаршы кірпіштен қаланған. Қасбеттерінің сәндік әшекейлері жоқ, қабырғалары кірпіштен қаланған. Көлемі жағынан әр қилы 9 бөлмеден тұрады, олардың атқаратын өзіндік қызметі мен салыну уақыты жағынан ерекшелігі бар. Үйдің ішкі бөлігі құрамында: «балқы» күмбезімен жабылған моншаға кіре беріс бөлме, басты жуынатын зал – ортасында 8 қырлы тапшаны бар 8 қырлы зал, ыстық және салқын суағарлары бар залдар, т.б. орналасқан. Ыстық залда сылауға (массажға) арналған кең тапшан бар. Су суағарлар арқылы келеді. Моншаның іш жағы сыланған. Тапшандар мен едендері 1,5×0,8 м көлемдегі мәрмәр қалақтастан жасалған. Құрылымы дәстүрлі Oрта Aзиялық тәсілдегі қақпа үстіндегі күмбездерін, «балқы» күмбездерін, қорапты жабындыларды бейнелейді. Түтін жүретін көмейі мен жылытатын құрылым еден астына орналасқан. Оттықтан шығатын жылу басты залдың 8 қырлы тапшаны астына орналасқан күмбезді дөңгелек көмейге ағылып келеді де, осы жерден шеңбер секілді арналар жүйесі арқылы басқа бөлмелерге тарайды. Арналарда жылудың таралуын тез қамтамасыз ететін құдықтар бар. Кір су едендердің еңкіш төсемелеріне жиналып, сыртқа ағып кетеді. 1979 жылы ескерткіш қалпына келтірілді.
Ескерткіштің республикалық маңызы бар. Кесененің оңтүстік-батыс бетінен 80 метр қашықтықта жартылай жер астына орналасқан. Археологтардың зерттеуі бойынша монша 1580-1590 жж. Абдулла хан тұсында кесенеге зиярат етіп келуші көпшілік қауымға арналып салынған. Моншаның жалпы көлемі 17х15 метр, биіктігі 4,8 метр, кірпіштерінің көлемі түгел біркелкі - 25х25х5 см. 1975 жылға дейін жергілікті халық монша ретінде пайдаланып келген. Монша жартылай жерасты, бес күмбезді, қабырғалары күйген кірпіштен тұрғызылған. Әр түрлі кезеңде, әр түрлі мақсатта пайдаланылған тоғыз бөлмеден тұрады: жуыну бөлмесі, ыстық, салқын су бөлмелері, массаж т.б. бөлмелер. 1979 жылы орта ғасырлық сәулет өнерінің керемет үлгісін болашаққа сақтау мақсатында мұражайға айналдырылды.
Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы
«Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы – тарихи архитектуралық кешен. Ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Иасауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап Әмір Темір салдырған кесене (хакана) негізінде Түркістан қаласында 1991 жылы ашылған. Бүкіл түркі жұртының, мұсылман қауымының қадір тұтатын киелі орны. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің құрылысы ХIV ғасырдың ақырында салынған. Кесененің тұрғызылғаннан бергі тағдыры қазақ халқының тарихымен тұтасып кеткен. Кесене төңірегіне Жолбарыс хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Қасым хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар жерленген.
1864 жылы маусымда Кенесары ханның ұлы Сыздық сұлтан қорғап тұрған кесенені Ресей генералы Черняевтің әскерлері зеңбірекпен атқылады. Әзірет Сұлтан мешітінің исламның Қазақстандағы басты орталығы ретіндегі діни қызметіне тосқауыл қоюға ұмтылған кеңестік тоталитаризмнің әрекеттері де ойлаған мақсаттарына жете алмады. 1978 ж. қыркүйекте Қожа Ахмет Иасауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы 28-ші тамызда Қазақстан Үкіметі жалпы көлемі 90 га жерді алып жатқан Түркістан қаласының көне ескерткіштер кешені негізінде Әзірет Сұлтан қорық-мұражайын ашу туралы шешім қабылдады. Қорық-мұражай Қожа Ахмет Иасауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, 12 ғасыр), Әулие Құмшық ата қылуеті (ХІІ ғасыр), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғасырлар), Ұлықбектің қызы, Әбілқайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғасыр), Шығыс моншасы (XV-XVI ғасырлар), Есім хан кесенесі (XVII ғасыр), т.б. археологиялық, тарихи сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды.
Қожа Ахмет Иасауи архитектуралық кешені ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілді. Ұлы Жібек жолының Алматы – Тараз – Түркістан бөлігінің қайта жаңғыруына сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтерінің қамқорлығымен Әзірет Сұлтанның мәдени, материалдық және рухани мұралары қалпына келтірілуде.
Гаухар ана кесенесі
Гаухар ана кесенесі оңтүстік жеріндегі көне ескерткіштердің бірі болып табылады. Өткен ғасырларда жартысы жаңбыр-суға шыдамай құлап қалған көрінеді, тәуелсіздік алған жылдары қайтадан жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілді. Бұл орынға ауруына шипа іздегендер көп келеді.
Тарихи деректер бойынша, Гаухар ана – Қожа Ахмет Иассауидің қызы. Гаухар ана бейіті – тарихи архитектуралық құнды ескерткіштердің бірі, қазіргі Түркістан ауданы М. Әбенова ұжымы жерінде орналасқан, ені 20 метрге жуық кішкене төбе болып келеді, алғашқы қабыр орны бұзылып кеткен, шатыры жоқ, төрт құлақты дуалдан тұрады. 1990 жылдары қабыр жанынан зиратшыларға арналған үш бөлмелі құрылыс тұрғызылды.
Кесене Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан-Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400 - 500 метр қашықтықта орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 174 метр. 1989 жылдан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы қарамағына енгізіліп, қорғауға алынған. «2011 жылдың мамыр айында «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының Археология бөлімінің қызметкерлері қазба жұмыстарын жүргізіп, бірқатар мәліметтер жинақталды.
Гауһар ананың қашан қайтыс болғаны жөнінде мәлімет жоқ. Дегенмен Ахмет Иассауидің 1101-1103 жылдары туылғанын, жиырма жасында үйленгенін есептей отырып, Гаухар ана шамамен 1122-1124 жылдары туылған деген болжам жасалған. 1167 жылы Гауһар ана 43 жаста болса, бұған тағы 20-30 жылды қоссақ, шамамен 1187-1197 жылдары дүниеден озған деп жорамалдауға болады. «Әзірет Сұлтан» кесенесінде ұзақ жылдар бас сақтаушы, кейіннен мұражай директоры болған О. Дастанов ақсақалдың ел аузынан естіген аңызы бойынша Гауһар аа қайтыс боларында «Мені інім Ибархим шайхтың қаны төгілген жерге қойыңдар» деп өсиет етіпті.
Аңызға сенсек, Ибрахимді Сүйір деген халық өздері қазған арықтан рұқсатсыз су алғаны үшін кетпенмен шауып өлтірген, яғни бұл Сүйір арығының жағасы болуы керек. Гауһар ананың сағанасы жөнінде О. Дастанов ақсақал біраз ауызша берген дерегінде: «Біздің үйіміз Гауһар анаға жақын маңда болатын. Менің 5-6 жасар кезімде шешем жетектеп ертіп барып Гауһар анаға құран оқып, зиарат ететіні жақсы есімде қалыпты. Гауһар ананың басында күйген кірпіштен қаланған кесені бар болатын, келбеті қазіргі Рабия Сұлтан Бегім кесенесіне ұқсас, бірақ кішігірім ғана еді. Күмбезі де көгілдір қышпен қапталған, бірақ жартысы құлап қалған, кесененің өзі төрт бұрышты болып келген өте ескі еді».
Қазіргі таңда Гауһар ана сағанасы мен зиарат үй көлемі 15х12 см топырақ тұғырдың үстіне орналасқан. Төртқұлақ сағананың сыртын айналдыра ені 0,7 м бетон жол құйылған. Құлпытастың ұзындығы 3,5 м, ені 1,5 м, биіктігі 1,6 м, күйген кірпіштен қаланып, сырты сыбалып, әктелген. Шырақшының бөлмесі көлемі 3,7х3,2 м, зиаратшылар бөлмесі 5,4х3, 1м. «Әзірет Сұлтан» қорық - мұражайының құрамына діни-рухани ескерткіш ретінде тізімге алынған. 2014-2015 жж. «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының бастамасымен Гауһар анамыздың басына кесене тұрғызылады. Кесене өлшемдері биіктігі – 9 метр, төрт жағының өлшемдері – 6 метр, порталды, бір жаппалы құрылыс. Жалпы қорғау аймағы 8 га аумақта орналасқан.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат