Түркістан облысы: мемлекеттік қызметшілер қайырымды іс жасады
23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Жақсылықтың басы – қайырымды іс» атты қайырымдылық шарасы өтті.
23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Жақсылықтың басы – қайырымды іс» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінде аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Оған мәслихат хатшысы Әлихан Утанов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйымдар мен мекеме басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихат депутаты Жұмағали Төреқұл төрағалық етті.
ҚАДІРЛІ ҚАЗАҚ ЕЛІ! ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!
Сіздерді Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуымен құттықтаймын.
Бүгін алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтті. Оған қаладан сайланған 13 депутат қатысты.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2018 жылдың 19 маусымында Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, облыс орталығы етіп Түркістан қаласын бекіткен болатын. Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығында баспасөз-конференциясын өткізді. Жиынға республикаға танымал БАҚ өкілдері және өңірдің төртінші билік өкілдері арнайы қатысты.
Түркістан шаһарының экологиялық тұрғыда қолайсыз климатын жақсарту бағытында жергілікті билікарнайы бағдарлама қабылдады.Су тапшылығы бар өлкеге ағын суды Арыс-Түркістан арнасынан жеткізу қарастырылып жатыр.
Биыл Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, көне шаһарға облыс орталығы мәртебесін бергеніне 1 жыл толады. Осы орайда Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар идеологиялық дамуының төрт бағытын айқындалып отыр.Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 38-сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып өтті.
ҚР-ның "Еңбек" кодексінің 30, 33, 34-баптарына, ҚР-ның "Қазақстан Республикасындағы Қазақстан жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 33, 37-баптарына, ҚР-ның "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 19, 28-баптарына сәйкес, аудан әкімі Бақыт Асановтың өкімімен Серикбаев Муратбек Тулапович Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды.