Бейсенбі, 11 Шілде 2019 20:15

Түркістан: «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында 5 мың жас кәсіпкерге несие берілмек

Жастар жылы аясында елімізде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы қолға алынғаны белгілі. Соның нәтижесінде биыл 5 мың жас азаматқа несие беріледі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында іскер азаматтар өз ісін ашып, кәсібін дөңгелете алады. Бұл туралы Түркістанға іс-сапармен келіп, жастармен кездескен Парламенті мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев айтып берді.

Өңірде шағын және орта бизнес оңтайлы жолға қойылған. Ісін өрге домалатқысы келген азаматтар бар. Алайда Респбликалық деңгейдегі ірі кәсіпкер атану үшін екінші дәрежелі банк тарапынан қолдау қажет.  Рухани шаһарға келген халық қалаулысы, бизнес саласындағы басты проблеманы ашып айтты. «Бұл жақта  шағын бизнеспен айналысады. Ең бірінші қаражаттың тапшылғы сезіледі. Қаражат бергісі келмейтін кейбір банктер бар. Жастарды осыған тарту керек» - дейді ол. Ал, Ақерке Алипова Латвияда төрт жыл білім алды. Туған жерінде өз кәсібін қолға алған. Ұлттық тағамдар мейрамханасын ашты. Себебі жас кәсіпкер өзге елде ұлттық құндылықтың бағасын сезінген. «Жастарға қазір көптеген мемлекеттік қолдаулар болып жатыр. Осындай кездесеудің көп болғанын қолдаймын. Бұл идея маған шетелде келді. Ол жақта өзге елдердің ұлттық тағамдар дайындайтын орындар көп. Бізде кішкеше төмен деңгейде. Соны казір қолға алдым» - дейді Ақерке

Енді кәсібін өрге домалатқысы келген 5 мың жас 16 млн теңгеге дейін қаражат ала алады. Бұған «Жас кәсіпкер» бағдарламасы негізінде екінші деңгейдегі банктер жұмыс істейді. Сонымен қоса жоба аясында  шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 20 мыңдай грант беріледі.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 795 рет