Сауран: Amanat» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс V конференциясы өтті
Сауран аудандық мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының кезектен тыс V конференциясы болып өтті. Конференцияны аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы С.Асылбеков ашып, жүргізіп отырды. Конференция жұмысына Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы М.Күнпейісов және партия мүшелері қатысты.