Түркістан облысы: Сауран ауданында «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» атты жиын өтті

Сауран ауданында қарасты Жүйнек ауылдық округінде «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» тақырыбында келелі жиын болып өтті. Жиналысқа Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Жұмадуллаев Мұхамеджан Ергешбайұлы, Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахметов Сейлхан Ыбыханұлы, Сауран аудандық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Рысбеков Құрманбай Жолданбайұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының басшысы Раматуллаев Арсылан Серікұлы және Жүйнек ауылдық округ әкімі Абдікарімов Төребай Асқарұлы қатысты.

Түркістан: нысандардың құрылысы ағаштарға зиянын тигізбеуі керек

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстағы сәулеттік жобалар талқыланған жиын өтті. Жиында өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті. Сонымен бірге құрылыс қоршаған ортаға, жасыл желекке кері әсер етпеуі тиіс екенін айтты.

Түркістан қаласында «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» атты тақырыпта келелі жиын өтті

Түркістан қаласында «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтті. Cессияға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым, аудан, қала әкімдері, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және мүшелері, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Түркістан облысы: ономастика саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Республикада монументті өнер құрылыстарын орнату ономастика саласындағы «Тарихи тұлғалар» тізімі бойынша жүргізіледі. Бұл туралы таяуда Бәйдібек ауданында өткен «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты көшпелі облыстық семинарда айтылды.

Түркістан облысында 271 мың гектар жер шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеуден өткізілген

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегірткелерге қарсы күрес пен шаруашылықтарды сақтау мақсатында министрлік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

Түркістан облысында этномедиацияны дамытуға арналған семинар-тренинг өткізілді

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Этносаралық ортада қақтығыс көріністерінен бас тартуға бағытталған әлеуметтік қатынастарды дамыту арқылы медиация институтын дамыту» тақырыбында үш күндік семинар-тренинг өткізілді.

Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу барысы талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан жұртшылығымен кездесуде Түркістан қаласына тарихи және рухани елорда мәртебесін беру мәселесін көтерген болатын. Осы бағытта жұмыс жүргізіліп, Түркістан қаласына рухани-мәдени және тарихи орталық ретінде дамыту үшін ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Түлкібас ауданын түрлендіру, ауылдарын дамыту жолдары талқыланды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына іссапармен барып, тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауданды дамыту, инфрақұрылмын жақсарту, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы билік пен халық бірлесе жұмыс атқарса ғана аймақ дамитынын айтты. Өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, ауылдарды абаттандыру, тазалық жағдайын жақсарту мәселесі маңызды екенін жеткізді.