Созақ ауданы: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы С. Қарабаев, Созақ аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Б. Смахованың қатысуымен Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.