Шымкент: Жас дзюдошылар сынға түсті

Шаһардағы “Металлург” стадионында дзюдодан жасөспірімдер арасында STROY CITY дәстүрлі турнирі өтуде. Тәуелсіздік күніне орайластырылған Шымкент қаласының ашық біріншілігіне 2011-2013, 2013-2014 жылы туған кіші жасөспірімдер, жалпы 400-ге жуық жас балуан қатысты.

Шымкент: Кәсіпкерлер құқығы қорғалуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Бизнесті қорғау бағытында атқарылған жұмыстар және бюджет саласындағы қылмыстарды аңықтау, тергеу нәтижелері туралы» тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті. 

Ясауи музейі - түркі әлемінің тарихи қазынасы!

 

Қазақстан – бай мәдениеті мен терең тарихы арқылы ерекшеленетін мемлекет. Ел көлемінде бүгінде 250-ден астам мұражай халық игілігіне қызмет етіп келеді. Әр аймақтың, әр қаланың өзіндік ерекшелігі мен тарихи мұралары бар. Соның ішінде Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде маңызды орынға ие.

Ғылыми басылымдар қызметі: білім-ғылымды біріктіру үлгісі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті — Қазақстан мен түркі әлемінің ғылыми-білім беру кеңістігінде ерекше орын алатын жоғары оқу орны. Университет тек білім беру саласында ғана емес, ғылыми-зерттеу қызметі бойынша да көш бастап келеді. Оның маңызды бағыттарының бірі — ғылыми басылымдарды шығару мен дамыту. Төменде ғылыми басылымдар жұмысының негізгі бағыттарына тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.

ТҮРКІ ӘЛЕМІН БІРІКТІРГЕН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ

«Түркология» журналы — Қазақстанда ғана емес, әлемде түркологиялық зерттеулерді жаңа деңгейге көтерген халықаралық ғылыми басылым. 2002 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор Шәкір Ыбыраевтың бастамасымен жарық көрген бұл журнал түркология ғылымының жаңа дәуірін бастады. Кеңес дәуірінде түркологиялық зерттеулер Мәскеу мен Бакуде шоғырланған еді. Ал тәуелсіз Қазақстанда Түркістан қаласында осындай журналдың шығуы еліміздің ғылыми дамуы үшін маңызды қадам болды.

Баланың тағдырын ата-ананың мінезі белгілейді

Өткенде мынадай бір хабар интернет әлемін дүрліктіріп, көпшіліктің қызу талқысына айналған еді, іс былай болған екен: бір кластағы оқушылардың көбі бір реткі емтиханда 100 нөмір алып, өз ұлының тоқсан сегіз нөмір орындағанына бола анасы сар уайымға салынып, жабығу науқасына шалдығыпты. Хабарда тілімізге тиек болған ананың әр жолғы емтиханда ұлына қойатын өлшемі бастан- ақыр 100 нөмір болып келген, кей кездері шешесінің күткені болмай тоқсан сегіз нөмір алып қалса, байқұс баланы балағаттау мен жазалау күтіп тұратын еді.

Қаламыңның сиясы мәңгілікке мұра болып қалды!

Қазақ даласы. Сайын дала төсінде кімдер ат шалдырмады, кімдердің ізі қалмады десеңізші?! Дала төсінің тарихында ерлік пен есімін жазған жаужүрек батырлар да, төрт сөзбен түйін түйген данагөй шешендер де, шанағынан күмбірлетіп күй төккен дәулескер күйшілер де, жағын ашса жыр төгілген жаршылар да, халықты бір тудың астына жинаған хандар да өтті-ау бұл жалған дүниеден. Тарих сарайына көз жіберсек, халықты киелі топырағында аз да емес, көп те емес сияқты. Сол аздың бірідің де бірегейі Балтабай Қаратайұлы Нұржанов жайлы қалам тербеп көрейін...

Шымкенттегі көпқабатты үйлердің электр желісін жаңарту керек

Шымкентте көпқабатты 15 үйде газ баллонын тұтынып отырғандарға электр энергиясын пайдалану ұсынылып отыр. Алайда бұл үйлерде электр желісі тозғандықтан, қуаты жетпейді. Қазіргі мәселе желілерді жаңғырту болып тұр. Ол үшін мемелекеттік бағдарламаның тиімді шарттары бар. Мамандар электр желісін толықтай жаңғыртуға қажетті қаржы тетіктерін қарастырып, «мүлік иелері бірлестігін» құруға кеңес береді.

30 түрлі жұқпалы ауруға сынама алынды

Шымкентте егін және мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына дақыл егіліп, 86,1 мың тонна өнім жиналады. Атап айтқанда: дәнді дақылдар – 10,9 мың га, малазықтық дақылдар – 9 мың га, көкөніс пен бақша – 3,1 мың га, майлы дақылдар – 3 мың га, картоп – 500 га егілді. Сонымен қатар 2024 жылы өнімділікті арттыру мақсатында егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 911 млн теңге қаржы қаралған.

Шымкент: Экономиканы дамытуға 536 млрд тенге инвестиция тартылған

Шымкентте ауылшаруашылық өнімдерінің түсімі 5,2% өсті. Сала мамандары оң өзгерісті өндірістік жылыжайда өсірілген қияр мен қызанақтың өнімділігімен байланыстырады. Биыл аймақта тамақ өнеркәсібін дамытып, азық-түлік қауіпсіздігін қамту үшін индустриялық кешен ашылды. Жалпы 2,7 трлн теңге болатын инвестициялық жобалар пулы жасақталып, кәсіпкерлікті одан әрі қолдау тетіктері қарастырылды.