Шымкент шаһары Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына қалай атап өтті?

Қала әкімдігінде өткен салтанатты жиынға 400-ден аса адам, қала активі, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органының өкілдері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері қатысты. Жиылғандар алдында сөз алған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баршаны аяулы да асқақ қаланың дүбірлі мерекесі – Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

Шымкентте дəстүрлі халықаралық Shymkent ITF International Junior Tournament турнирі өтті

Шымкенттегі Ұлттық теннис орталығының кортына 9 елден 100-ден аса спортшы жиналды. Олар – Қазақстан, Австралия, Ұлыбритания, Швеция, Жапония, Үндістан, Түркия, Ресей жəне Өзбекстан теннисшілері. 

Шымкент қаласының әкімі үздік түлектерге диплом тапсырды

Таяуда Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университеті бітіруші түлектерге арнап салтанатты кеш ұйымдастырды. Онда 444 түлек үздік дипломмен марапатталды. Мегаполистің қақ ортасындағы Әл-Фараби алаңында өткен аталмыш іс-шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, үздіктерге дипломды өзі табыстады.

Шымкентте әлеуметтік бағытта қатынайтын 30 жаңа автобус жеткізілді

Шымкентте 3 әлеуметтік маңызды бағытта жүретін 30 автобустың таныстырылымы өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бастаған депутаттар, әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерді Астана күні мерекесімен құттықтады

Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!

Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді еліміздің мақтанышы - Астана қаласының 20 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Тарих үшін жиырма жыл қас-қағым ғана сәт. Ал, ғаламат өзгерістер өлшемімен салыстырсақ, бұл аз уақыт емес.

 Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық шешімі мен ерен еңбегінің нәтижесінде бүгінде Астана әлем таныған әсем қалаға айналды. Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы батыл қадамы стратегиялық, экономикалық және жалпыұлттық маңызға ие баламасыз бастама болды. Еліміздің елордасын ауыстыру арқылы біз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, геосаяси еркіндігін, территориясының мызғымастай беріктігін қамтамасыз еттік.

 Содан бергі өткен 20 жыл ішінде еліміздің бас қаласы – Астана төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны ақиқат. Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерін өмірге әкелетін орталық. Елордамызда ЕҚЫҰ саммиті, VII Қысқы Азия ойындары, Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің өтуі толық дәлел бола алады. Өткен жылы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуі Астананың әлемдік аренадағы абыройын асқақтата түсті.

 Астана – Сарыарқа төсіндегі XXI ғасыр ғажайыбы. Астана – Қазақстан тәуелсіздігінің тұғыры. Астана – Еуразия жүрегіндегі ару қала!

 Құрметті шымкенттіктер!

 Бүгінде Шымкент қаласы Елбасы Жарлығымен республикалық маңызы бар қала статусын алып, мегаполис атанды. Шымкент қаласын дамытудың жаңа дәуірі басталды. Шырайлы Шымшаһар Астанаға қарап бой түзейтін болады. Алдымызда жауапты міндеттер мен жоспарлар тұр. Шымкенттіктердің еңбекқорлығы мен жаңашылдығы арқасында біз осы міндеттердің бәрін еңсереміз деп ойлаймын. Осындай тарихи шешім қабылдаған Елбасыға Шымкент халқы атынан алғысымызды білдіреміз.

 Астананың 20 жылдығы құтты болсын! Отанымыздың жүрегі – Астана мәңгі жасай берсін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын! 

Ғабидолла Әбдірахымов,                                               

Шымкент қаласының әкімі

 

Ғабидолла Әбдірахымов пен Әсет Исекешов меморандумға қол қойды

Шымкент қаласының әкімдігі Астана қаласының тәжірибесін еліміздің үшінші мегаполисін дамыту мақсатында қолданады. Бұл жөніндегі меморандумға 1 шілде күні өткен Жібек жолы қалалары мэрлерінің Global Silk Road атты форумында екі қаланың әкімдері Әсет Исекешов пен Ғабидолла Әбдірахымов қол қойды. «100 нақты қадам Ұлт жоспарын» жүзеге асыру аясында қол қойылған құжат екі мегаполистің әлеуметтік-экономикалық салалары, кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр.

Ғабидолла Әбдірахымов көрмеге қатысты

Осы аптаның жұма, сенбісінде Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Астананың 20 жылдығына орай отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті. Келушілердің қатарынан Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та табылды. Ол көрменің ашылу салтанатына қатысты. 

Шымкент қалалық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы өтті

Таяуда Шымкент қалалық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы өткені белгілі. Онда Шымкент қаласының 2017 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі, қалалық білім, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімінің есебі, сондай-ақ, төрт аудан әкімдігінің жұмысы тыңдалды. Сессияға қала әкімі Ғабидолла Рахметоллаұлыныңда қатысқанын айта кетейік.

Осы RSS каналға жазылу