Бейсенбі, 12 Шілде 2018 16:41

Шымкентте дəстүрлі халықаралық Shymkent ITF International Junior Tournament турнирі өтті

Шымкенттегі Ұлттық теннис орталығының кортына 9 елден 100-ден аса спортшы жиналды. Олар – Қазақстан, Австралия, Ұлыбритания, Швеция, Жапония, Үндістан, Түркия, Ресей жəне Өзбекстан теннисшілері. 

Айта кетейік, Shymkent ITF International Junior Tournament халықаралық теннис турнирі биыл біздің қаламызда үшінші рет өтіп отыр. Ақтық ойындар 23 маусым күні сағат 10:00-де өтті.

Матчтарды Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымов пен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бастап берді. Ал турнирдің финалында шымкенттік мектептің шəкірті Достанбек Ташбулатов пен Түркия спортшысы Сенгул Бора кездесті. Жеңімпаз – Достанбек Ташбулатов. Есеп – 2:1.

Атап өтер жайт, АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Плантейшен қаласында өткен Orange Bowl International Championships атты бейресми әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен соң Достанбек ITF Juniorsтың жаңарған рейтингісінде төрткүл дүниенің үздік теннисшілерінің елулігіне кірді. Қазіргі таңда ол әлемнің 118-ші ракеткасы саналады.

  «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1552 рет