Шымкентте екі түлек ҰБТ-да 138 балл жинады
Биылғы оқу жылында Шымкент қаласында 7987 түлек мектепті тәмамдап, соның ішінде 5446 түлек ҰБТ тапсырды. Соның ішінде 5422 түлек тест тапсыру орнына келген. Биылғы ҰБТ нәтижесі бойынша Шымкент түлектерінің орташа көрсеткіші 83,6 балды құраған. Қалалық білім бөлімінің мамандары осылай деп хабарлап отыр. Солардың арасында 138 балл жинаған екі түлек бар. Олар - Шымкенттегі №35 мектептің түлегі Гүлдана Мейірбек және №23 мектептің 11 сыныбын тәмамдаған Тұран Азым.
- Бөлім:  Ғылым-білім
- 0