Super User

Super User

Түркістан облысында «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 297 нысан пайдалануға берілген

2023 жылы Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 166 елді мекенде 352 жоба іске асырылып, 31,3 млрд. теңге игерілді. Нәтижесінде 297 жоба пайдалануға тапсырылды. Аталған жобаны сәтті жүзеге асыруды жалғастыру мәселесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде талқыланды.

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экоакциясының алғашқы аптасында 3 мыңға жуық көше бойы тазаланып, 1031 тонна қоқыс шығарылған

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы «Таза өлке» апталығы аяқталып, «Киелі мекен» апталығы басталды. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде аталған экоакция аясында атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Облыс басшысы игі істі барынша жоғары дәрежеде атқаруға және барлық құрылымды жұмылдыруды тапсырды.

Түркістан облысында тауарлы балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлер саны 224-ке жетті

Түркістан облысында «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітіліп, өткен жылы 6847 тонна балық өндірілген болатын. Биыл 7000 тонна балық өсіру жоспарланып отыр. Бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен бір топ БАҚ өкілі Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы «Казиханов» шаруа қожалығының жұмыс барысымен танысты.

Осы RSS каналға жазылу