Super User

Super User

Сауран ауданында «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды

Сауран ауданының Бабайқорған ауылдық округінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты бұлақ көздерін сақтау, олардың санитарлық жағдайын жақсарту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыру болып табылады.

Ордабасы ауданындағы «Бадам» индустриалды аймағы – өндірістің жаңа тынысы

Ордабасы ауданына ұйымдастырылған «Балуан тас» экспедициясы тек тарихи-рухани орындарды аралаумен шектелмей, өңірдің экономикалық әлеуетімен де кеңінен танысуға мүмкіндік берді. Экспедиция қатысушылары ауданның индустриялық даму нүктесіне айналған Бадам индустриалды аймағында болып, бүгінде қарқын алған өндіріс ошақтарының жұмысымен танысты. Бұл сапар – Түркістан өңірінде индустрия саласының жүйелі түрде дамып келе жатқанын айқын көрсеткен маңызды сәттердің бірі болды.

Түркістан қаласында аз қамтылған отбасыға баспана табысталды

Түркістан қаласының «Отырар» шағынауданының 1988 жылы туған азаматтары Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде игі бастама көтеріп, көпшілікке үлгі боларлық қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Түркістан облысының әкімі Отырардағы мақта кластеріне бағытталған өндіріс орындарының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканы әртараптандыру, терең өңдеу саласын дамытуды тапсырды. Өңірде осы бағытта жұмыс жүруде. Түркістан облысы үшін ауыл шаруашылығы мен оны терең өңдеу – экономиканы дамытудың басты бағыттарының бірі.

Осы RSS каналға жазылу