Super User

Super User

МАҚТААРАЛДА «АБАЙЛАҢЫЗ - БАЛАЛАР!» ІС-ШАРАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін,«Абайлаңыз, балалар!»,«Сіздің жолаушыңыз - бала!» атты жедел профилактикалық шаралары өткізілуде.

Осынау атаулы білім күніне орай Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлері-барлық мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде оқушыларға: жолда абай болу, қылмысқа, құқық бұзушылық пен теріс әрекетке бармау жайлы түсіндірме дәрістерін өткізді.

Мақтаарал ауданы аумағында балалардың қауіпсіздігін бақылау барынша күшейтілді.

«Балалардың жол-көлік жарақаттарын ескерту ата-аналардың, полицейлер мен педагогтардың ортақ мәселесі» Жолдарда түрлі көліктер көптеп жүреді, жүк көлігінен электр самокаттарына дейін.

Айта кетсек «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы 12-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл күндері өңірдегі барлық мектептерде полицейлермен жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтар өткізіледі.

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен Мақтаарал АПБ басшылығы және жеке құрамы шын жүректен құттықтайды!

 

САЙРАМ: ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 тамызы мен 12 қыркүйегі аралығында Сайрам ауданы аумағында «Абайлаңыз балалар» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат – оқушыларға жол ережесін үйрету арқылы жол-көлік оқиғасының алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сайрам АПБ басшылығы мен ЖПҚБ ювеналды полиция тобының қызметкерлері «1 қыркүйек – Білім күніне» арналған салтанатты жиындарға қатысып, аймақтағы білім беру мекемелерінде кезекшілік ұйымдастырып, балалармен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаяу жүргіншілер өтпелерінде мектеп оқушыларының қауіпсіздік ережелерін сақтауын тәжірибе жүзінде көрсетіп, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына баса мән беріліп, олардың сақтық шараларын білуі үшін полицейлер барынша ықпал жасады.

ТО ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, аудандық полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамы таңертеңнен аудандағы мектептерге барып, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік бойынша сабақ өтіп, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ТО ПД Жергілікті полиция қызметі басмармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Н.Тумабаев "Білім күнінде" аудан орталығындағы №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына дәріс оқыды.

Қазіргі таңда Сайрам ауданында 78 жалпы орта мектеп бар және әр мектепке ЮПТ-ның инспекторы бекітілген.

Балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету — маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау, олардың жолда жүру ережелерін үнемі сақтауға дағдыландыру полиция қызметкерлерінің басты назарында.

Түркістан облысында сора егістігі анықталды

"Қарасора-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің және Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, ҚР Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы жасағы және Түркістан облысы ПД жедел уәкілдерімен бірлесіп, Отырар ауданындағы Сырдария өзені жағалауының баурайынан есірткі егістігін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, аталмыш қызметкерлер әуе жолы арқылы ұшып өту барысында есірткі, оның ішінде сораға ұқсас 760 түп орылып қойған өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 1 тоннадан асатын "сора" есірткі өсімдігі болып шықты.

Одан бөлек жедел уәкілдер сол жерден өсіп тұрған есірткіге ұқсас 123 түпті тапты. Айғақты зат ретінде алынған түптер «сора» есірткісі екені расталды.

Аталған жайт Отырар АПБ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі "Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді.

Полиция қызметкерлері есірткі қылмысына қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде Шымкент қаласының үш тұрғынын анықтады. Олардың біреуі қамауға алынса, екеуінің бас шарасы міндеттемеде. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында "Қарасора-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты- есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау, құрамында есірткісі бар өсімдіктердің егістіктерін жою, есірткі трафигінің жолын кесу және есірткі мен басқа да тыйым салынған заттарды сақтау, өткізумен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстау болып табылады.

Ауыл шаруашылық бағдарламасымен қайтарымсыз 15 000 000 теңге алып беремін деп алаяқтық жасаған екі әйел анықталды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар арызданды. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, олардың таныстары кәсіпкерлік палатадан ауыл шаруашылық бағдарламасымен қайтарымсыз 15 000 000 теңге алып беремін деп, сенімдеріне кірген.

Осылайша әбден сенімге кірген алаяқтар жәбірленушінің бірінен 940 000 теңге, екіншісінен 1 100 000 теңге ақшасын алған. Арада 1 жылға жуық уақыт өтсе де, берген уәде орындалмай, созбалаңдыққа салып жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары жедел іске кірісті. Оқиғаның толық-мән жайын анықтау үшін қажетті жұмыстарды жасады. Полицейлердің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, күдіктілер көп ұзамай анықталды. Олар жұмыссыз жүрген, екі жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті екі әйел пайдакүнемдік мақсатта осындай әрекетке барған. Олар жәбірленушіден алған ақшаны бас пайдасына жаратып, жасырынып жүрген. Қазіргі таңда сезікті әйелдерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтық қылмысының алдын алу үшін кез келген адамға сенім артпауға кеңес береді. Сонымен қатар, күмәнді қызмет ұсынып, ақша сұраған жағдайда бірден полицияға хабарласуды ескертеді.

 

Осы RSS каналға жазылу