Super User

Super User

ШАРДАРАДА БАЛАЛАР ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА ӨТУДЕ

Шардара ауданы аумағында «Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Балалардың жол - көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында аудан әкімдігі және аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, ағымдағы жылдың 22 тамызы мен 12 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз балалар» атты кең ауқымды республикалық жедел профилактикалык шарасы өткізілуде. Аталған шараның мақсаты балалардың катысуымен болған жол көлік оқиғалары себептерi мен мән жайларын зерттеу, мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиi баратын орындарда қауiпсiз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып балалардың жолдағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

Шардарада «Сіздің жолаушыңыз - бала» акциясы өтуде!

«Абайланыз балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Шардара АПБ ЖПҚБ-нің КТІЖ учаскелік полиция инспекторлары «Сіздің жолаушыңыз бала» акциясын өткізуде. Аталған шараның мақсаты-балаларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде ұстау құрылғысын пайдалану қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жол-көлік жарақатының алдын алу, жолын кесу болып табылады. Ал бала басты жолаушы екенін ешкім жоққа шығармайды. Көлік апаты орын алған жағдайда көбінесе зардап шегетін балалар. Көлік иелері түрлі сылтау тауып көлікке арнайы балаларға арналған қауіпсіздік құрылғыларын алмайды. Дегенмен ата - ана үшін бала етi баласынан қымбат ештеме жоқ екеннiн түсiндiрген абзал!

Іс-шара барысында Шардара АПБ-нің қызметкерлері халық арасында оның iшiнде жүргізушілерге «Сіздің жолаушыңыз- бала» акциясы аясында профилактикалық түсiндiрме жұмыстарын жүргізді.

ШАРДАРА: ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ БОЙЫНША КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін Шардара ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.

Мәжілісте Шардара АПБ-нiң ЖПҚБ ӘЗЗКТ инспекторы полиция капитаны Г.Сәбден әйелдер мен балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғау, сотқа дейінгі тергеп - тексерудің және жеке адамға қарсы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың проблемалық мәселелері бойынша баяндама жасап, алдын алу шараларының кешенді жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар аудандық орталық ауруханасы басшысының ана мен бала жөніндегі орынбасары Қ.Көбелекова әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау: ана мен бала өлімінің проблемалары туралы және аудандық жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау бойынша атқарған жұмыстары және Отбасын дамыту мен қолдаудың 2019-2024 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу барысы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Тұрлыбеков баяндама жасап, өзекті мәселелер талқыланды.

Комиссия мүшелері тарапынан әйелдер істері және отбасылық-демографиялық ахуалды жақсарту бойынша тиімді ұсыныстар айтылып, алдағы жоспарлар пысықталды.

ТҮРКіСТАН: ЖАС ҚАРИЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Иманды, ибалы ұрпақ тәрбиелеу аға буынның басты борышы. Тәлім-тәрбие жүйесінің алға қойған нақтылы мақсаты болмаса жас ұрпақтың санасы сергелдеңге ұшырап, сандалып қалары анық. Ұлттық болмыс – жас ұрпаққа берілетін тәлім-тәрбие негізінде қалыптасады.

Осы мақсатта Жетісай аудандық орталық «Нұғман» мешітінде ауданға қарасты мешіттердің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІ Республикалық байқауына Түркістан облысы бойынша іріктеу сайысы болып өтті. Сайысты Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов ашып, Құран Кәрімді жаттау әрі амал жасаудың сауабы жөнінде айтып өтті.

Өскелең ұрпақ арасында Құран Кәрімді оқу және жаттау деңгейін көтеру, өзара тәжірибе алмасу, мұсылман жамағатының құрани сауатын көтеру арқылы қоғамның руханиятын арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс 2 бөлімнен тұрды.

Алғашқы бөлімінде Құранды мәнерлеп оқу, 10 пара, 20 пара және толық Құранды жатқа оқу бойынша 100-ге жуық шәкірттер сайысқа түссе, екінші бөлімде іріктеуден өткен қатысушылар арасында жүлделі орындарға бақтарын сынады.

«Ғылым мен техниканың дамыған шағында әрбір ата-ананы ойландыратын мәселе – ұрпақ тәрбиесі. Соңғы кездері дінге бет бұрушы бұқараның қатары артты. Әсіресе, Алланы ауызынан тастамайтын иман жүзді жастарымыз мешіттерге келуін жиілетті. Көңіл қуантады. Дегенмен, өз жолынан жаңылысып, жөнін таппай жүргендер де жетерлік. Жалпақ жұртты исламнан жерітіп, жамандыққа жақындата түсетін жын-жыбыр ағымдар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті.

Заңды тұрғыда тіркелгенімен тірліктерін террорлықпен түйіндейтін миссионерлік ұйымдардың қанатын кеңге жаюының, ақиқат жолын жалындатамыз деп жалындаған жастарымызды жарты жолдан қағытып жүрген секталардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа қатысушылардың да саны күн санап артып келеді» дейді Жетісай ауданының бас имамы Жорабай Дулатбаев.

Құранның 20 парасын және Құранды толық жатқа оқу сайысы бойынша Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың төрағалығымен Абдухафиз қари Хадыршаев пен Нұрболат қари Қазыбеков, Құранның 10 парасы мен мәнерлеп оқу сайысы бойынша Шайхисмайлов Шавкат қаридың төрағалығымен Абдунайм қари мен Ербол Шырынхан әділқазылық жасады.

Сайыс нәтижесінде әр номинация жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталып, Республикалық Құран жарысына жолдама алды.

Бүгінгі әлемдегі идеологиялық күрес, саяси тактикалар дәуірінде өскелең ұрпақты «мылтықсыз майданнан» аман сақтап қалу үшін жастарымыздың санасын улап, айрандай ұйып отырған халықтың арасына іріткі салатын «дінбұзарлардың» алдын алуда үлкен маңызға ие шараның ұйымдастырылуына жоғары бағасын берген облыстың бас имамы Еркебұлан қажы Қарақұлов Жетісай ауданының бас имамы Жорабаи Дулатбаев пен барша қызметкерлерге өз алғысын білдірді.

Осы RSS каналға жазылу