Super User

Super User

Киім-кешек дүкеніне ұрлыққа түскен ер адам анықталды

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның балалар киім дүкеніне белгісіз біреу кіріп, киім-кешектерін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 182 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары жедел оқиға орнына келіп жетті. Олар қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын көріп шықты. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер адам таңғы сағат 04:00 шамасында өзінің ойын жүзеге асырған. Ол дүкеннің есігін темірмен бұзып ашып, сатылымдағы жаңа киімдерді ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Содан бөтеннің мүлкінің жартысын сатып, ақшасын жаратқан. Ал қалғанын полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде алып, иесіне қайтарып берді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін дүкендер мен тұрғын үйлерге, ғимараттарға арнайы бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.

Танысының ұялы телефонын пайдаланып, өзіне 100 000 теңгеге бірлік салып алған тұрғын анықталды

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның танысы банк шотының қосымшасына кіріп, ақшасын жасырын жымқырған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 360 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары хабарлама келіп түскен бойда іске кірісті. Қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтау үшін қажетті жұмыстардың барлығын іске асырды. Олардың жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші әріптес болып келеді. Сезікті жігіт жәбірленушінің ұялы телефонын сұрап алып, банк қосымшасы арқылы 100 000 теңгесін бірлік ретінде, ал қалған ақшасын банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді. Сонымен қатар, таныс және бейтаныс адамдарға сенім артпауға кеңес береді.

Шекарадан «марихуана» алып өтпек болған шетелдік қамауға алынды

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қапланбек» шекарасының бақылау бекетінен есірткі алып өтпек болған шетелдікті анықтады. Нақтырақ айтар болсақ, полицейлер Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына өтіп бара жатқан «Man TGX 18480» маркалы автокөлікті тоқтатты. Оны тексеру кезінде, «Ачи» атты қызметтік ит белгі беріп, полицейлердің көлік жүргізушісіне деген күдігін күшейтті.

Осыдан соң сақшылар тиянақты тексеру барысында жүргізушінің Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтап, ит белгі берген көліктің тұсын мұқият қарады. Нәтижесінде аталған жүк көлігінің құрал-саймандар салатын жәшігінің ішінен есірткіге ұқсас зат айғақ ретінде тәркіленді. Алынған затқа сараптама тағайындалып, қорытынды көрсеткендей «марихуана» есірткісі болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сіз де, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болсеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Осы RSS каналға жазылу