Super User

Super User

Жалған түбіртек көрсетіп, алтын алқаны алып кеткен…

Жалған түбіртек көрсетіп, алтын алқаны алып кеткен әйел ұсталды.  

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жас қыздың айтуынша, өзінің жұмыс жасайтын сауда орталығынан белгісіз біреу алтын алқа сатып алып, ұялы телефоннан жалған түбіртек көрсетіп, алдап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 270 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.  Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда жедел іске кірісті. Олар алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні анықтау үшін сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті Сайрамға оңай олжалы болуды көздеп келген. Сезікті әйел дүкенге тұтынушы болып кіріп, сатып алған алтын үшін жалған түбіртек көрсетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Әйел адам сатып алған алтынды өзінде сақтаған. Полицейлер айғақты зат ретінде алтынды алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтық қылмысына тап болмас үшін кез келген адамға сенім артпауға кеңес береді.

ШЫМКЕНТ: БИЫЛҒЫ ЖОСПАР - 102 КӨШЕ

Шымкент қаласында 2020 жылы 39 көше жарықтандырылып, қаланы қамту көрсеткіші 24 пайыздан 29,5 пайызға өсті.

2021 жылдан бастап қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 104 көшеге жарықшамдар қойылды. Нәтижесінде бүгінде 747 көшенің 324-і жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызға жетті. Қосымша 12 көшенің жарықшамы қайта жөнделді.

Биыл да аталмыш жоба аясында 102 көше жарықтандырылмақ. Жұмыстар кезең-кезеңімен жыл соңына дейін жүргізіледі. Нәтижесінде 2022 жыл қорытындысына сәйкес Шымкент көшелерінің 57 пайызын түнгі жарықпен қамту жоспарланған.

2023 жылы 106 көшені жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70 пайызға өсіру жоспарға қойылған. Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орынау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген. Жобаның аясында 2021 жылы Шымкентте 136 көше жарықтандырылды. Солардың арасында шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаевтар, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Әлмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат секілді көшелерді атап көрсетуге болады. Мұнан бөлек 2021 жылы 30 көшедегі ескі жарық шамдар, заманауи LED шамдармен алмастырылды. Шамы жаңарғандардың арасында Темірлан тас жолы мен Ю.Гагарин, Түркістан, Төле би секілді орталық көшелер де бар. Қаладағы жарықтандыру желілері автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылып жатыр. Диспетчерлік орталықта қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығын, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығын көрсететін бұл жүйеге әзірге 40 көше қосылған. Жыл соңына дейін 100 көше қосылады деп жоспарланып отыр.

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ М.ӘЙТЕНОВ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тамыз айындағы азаматтарды бірыңғай қабылдауы кезінде Самал-2 шағынауданы Малқаров көшесінің ақсақалы аумақтың жол, қауіпсіздік, жарықтандыру мәселелерін көтерген болатын. Бүгін қала әкімі аталған көшеге арнайы барып, тұрғындармен кездесті.

Малқаров көшесінің ұзындығы 1,1 шақырым. Көшеге 2019 жылы асфальтбетон қабаты төселген.

Қоғамдық көлікке қатысты, ауданда 9 бағытта жолаушылар тасымалдануда - Арғынбеков көшесі бойынша №37, №133, №146, №149 бағыттағы қоғамдық көліктер. Өтегенов көшесімен №37, №51, №103, №126, №133, №146, №149 бағыттағы автобустар, ал Қазиев көшесімен №37, №92, №133, №141, №149 бағыттағы қоғамдық көліктер.

Жарықтандыру жұмыстарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында алдымен мектеп, аурухана секілді әлеуметтік мекемелер орналасқан орталық көшелер жарықтандырылатыны айтылды.

Жол қауіпсіздігіне қатысты шағымдарға байланысты бейнебақылау камерасын қою мүмкіндігі айтылып, көше тазалығы мәселесі талқыланды, тапсырмалар берілді.

Самал-2 шағынауданы 100 пайыз ауыз су, көгілдір отын, электр жүйесімен қамтылған. Сапалы интернет желісімен қамту келер жылы аяқталады. Биыл Ризалық, келер жылы Тынышбай ата көшесі жарықтандырылмақ.

Осы тұста айта кетейік, биылғы жылдан бастап Президент Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен кездесуі жаңа форматқа көшті. Осыған сәйкес қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. Осы ретте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізді. Тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалды, 316-ы жыл соңына дейін орындалуы жоспарда. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген. Сонымен қатар, әрбір ауданнан қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, әр сенбі сайын тапсырмалардың орындалуы талқыланып келді.

Осы RSS каналға жазылу