Барлық білім беру және жұмыс орындарында күн сайын таңертеңгі «сүзгі» өткізіледі. Бұл сүзгілер арқылы ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілері бар адамдар дер кезінде анықталып, олардың таралуы алдын алынады. Сырқат белгілері бар балалар дереу оқудан немесе жұмысынан шеттетіледі, бұл эпидемиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
Егер бір сыныптағы оқушылардың 20%-дан 30%-ға дейінгі бөлігі ЖРВИ-мен ауыратын болса, кабинеттік оқыту жүйесі тоқтатылып, жаңа балаларды қабылдауға тыйым салынады. Егер аурушаңдық деңгейі 30%-дан жоғары болса, сынып онлайн оқыту форматына ауыстырылады.
Бұл шаралар аурулардың таралуын тиімді бақылауға бағытталған.
Қалада енгізілген шаралар тұрғындардың денсаулығын сақтау және эпидемиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Айта кетейік, 2024 жылдың алғашқы 8 айында Шымкент қаласында ЖРВИ аурушаңдығы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,15%-ға төмендегенін, алайда, тұмау көрсеткіші 1,66 есеге өсіп, эпидемиологиялық жағдай нашарлағанын айтты. 2023-2024 жылдың эпидемиологиялық маусымында (қазаннан сәуірге дейін) тұмаудың 138 жағдайы А (H3N2) түрімен, ал 1 жағдайы В түрімен тіркелді. Өткен маусымда А (H3N2) бойынша 3, ал В түрімен 103 жағдай анықталған болатын. Сырқаттанушылық 1,3 есеге өскен, ал ауруға шалдыққандардың 33%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.
ЖРВИ ішінде тұмаудан басқа вирустар биылғы эпидемиологиялық маусымда 16 рет, ал өткен маусымда 20 рет анықталды. Осы ретте Шымкент қаласына Ресейдің «Петровакс Фарм» компаниясы шығарған «Гриппол Плюс» үшвалентті тұмауға қарсы вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілді. Вакцина қазіргі уақытта Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының қоймасында сақталып, медициналық мекемелерге таратылуда. Жаппай иммундау науқаны аясында 2024 жылы қала халқының шамамен 12-12,5%-ы қамтылатын болады.