Сейсенбі, 15 Қазан 2019 15:39

Шымкент: Медицинадағы жаңа жүйе тиімділігін көрсетіп жатыр

Келер жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осы мақсатқа Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына 25 миллиард теңге қаржы қаралған. Бүгінге дейін аталмыш жоба негізінде 600000қала тұрғыны қамтылған. Бұл халық санының 77,6 пайызын құрайды. 

Жаңа жүйеге №1 қалалық емхана қызметкерлері сақадайсай. Мұндағы мамандар арнайы курстардан өтіп, түгелімен жоба аясында білімін жетілдірген. Оған қоса жауапты сала мамандарының дәрісін тыңдаған. Мекеменің бас дәрігері Махамбет Бейсеуов: «Жаңа жүйе халық үшін тиімді» - деп отыр.

Аталмыш емхана 54876 тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. Мекемеде 430-ден аса қызметкер бар. Олардың 102-і дәрігер, қалғаны мейірбикелер. 30орындық күндізгі стационарда науқастарға талапқа сәйкес ем-дом жасалады. Емханада қазір жұртшылыққа жаңа жүйеге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Учаскелік дәрігерлеросы бағытта жұмыс атқаруда.

Дамыған елдердің озық тәжірибесіне сүйеніп жасалған жаңа жүйенің табысты болары сөзсіз. Тұрғындар өзіне ыңғайлы жердегі емханаға тіркеліп, өзі қалаған дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Дегенмен талапқа сәйкес, бір медициналық мекеме 1700 адамды тіркеуге алуы қажет. Осыған байланысты болашақта учаскелік пунктер санын көбейту жоспарланып отыр екен.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 822 рет