"Түркістандықтар сақтыққа шақырады" экочелленджі басталды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 коронавирусынан азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдай жариялау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлықты жүзеге асыру және аты шулы індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында Түркістан облысында да тиісті шаралар қабылданып, жұмыстар атқарылуда.