Бейсенбі, 11 Наурыз 2021 21:25

Шымкентте V Жастар спорт ойындарының ашылу рәсімі өтті

Шымкент қаласында V Жастар спорт ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Елімізде әр 4 жыл сайын өтетін жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен V Жастар спорттық ойындары басталды. Жарыс спорттың 36 түрінен өтеді. Оның ішінде спорттың 6 түрінен – садақ ату, оқ және стенд ату, гандбол, бадминтон, көркем гимнастика Шымкент қаласында өтуде.

Жарысқа Қазақстан Республикасының 17 аймағынан спортшылар қатысып жатыр.

Жастар спорттық ойындарының мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау; күнделікті өміріне дене шынықтыру мен спортты кеңінен енгізу, республика өңірлерінде спортшыларды даярлау бойынша спорттық ұйымдар жұмысының қорытындыларын шығару, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командаларын жасақтау және халықаралық жарыстарға қатысуға дайындау үшін жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша мықты спортшыларды анықтау.

Айта өтсек, жарыстар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Барлық қатысушылар, спортшылар мен жаттықтырушылар COVID-19-ға ПТР теріс анықтамаларды ұсынады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 508 рет