Түркістан облысында пандемияға қарсы қауіпсіздік шаралары жүріп жатыр
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай жариялады.Бұл ретте Түркістан облысының әкім Өмірзақ Шөкеев ҚР Президентінің Жарлығын жүзеге асыру бойынша қаулы қабылдап, бірқатар шараларды жүзеге асыруды тапсырды.