Super User

Super User

Түркістанда жедел штаб жиыны өтті

 Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 16 наурыз 8:00-ден 15 сәуір 7:00-ге дейін төтенше жағдай жариялаған болатын. Коронавирустың таралу қаупіне байланысты ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық, сондай-ақ, отбасылық, еске алу іс-шараларды өткізу уақытын кейінге шегерілуі айтылды. Осы мақсатта, қала әкімдігінде шаһар басшысы Рашид Абатұлының төрағалығымен жедел штаб жиыны өтті.

Биыл Түркістан облысында 12 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Түркістан облысында жалпы 906 мектеп бар. Оның 900-і — мемлекеттік, 6-ы — жекеменшік. Биыл қосымша 12 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев мәлімдеді. Оның айтуынша, облыста 5 үш ауысымда білім беретін мектеп бар. Өткен жылы үш ауысымда білім беріп келген 3 мектептің құрылысы пайдалануға берілген.

Грек-рим күресінен өткен ел чемпионатында Түркістан облысының палуандары топ жарды

  

 Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт басқармасының Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР ұлттық спорт комитеті, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шардара ауданы әкімдігі және Түркістан облыстық N4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен қойнауы шежіре мен тарихқа бай Шардара жерінде Грек-рим күресінен 2005-2006 ж.т жасөспірімдер арасында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.

Түркістандағы сәулеті ерекше мешіт қыркүйек айында пайдалануға беріледі

 

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы облыс әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовпен бірге әкімшілік-іскерлік орталықтағы жалпы сыйымдылығы 9000 адамдық мешіттің құрылысын бақылады.

Осы RSS каналға жазылу