Super User

Super User

Түркістанда құс фермасы іске қосылады

Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм ауылында 5 мың құсы бар тауық фермасы іске қосылады2019 жылдың қазан айында Жаушықұм ауылының тұрғыны Құралбек Дүйсебаев Талдықорған қаласынан 5 мың бас балапан сатып әкеліп, арнайы қорада күтіп-баптаған. Сол балапандардың басым бөлігі енді бірер күнде алғашқы жұмыртқасын бере бастамақ. Шаруа күніне шамамен 4,5 мың дана жұмыртқа алуды жоспарлап отыр.

Жетісайлық шаруа лимон өсіріп, миллионер болды

Түркістан облысы Жетісай ауданының Атамекен ауылдық округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы өткен жылы 10 сотық (1 мың шаршы метр) лимон бағынан 5 тоннаға жуық өнім алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім етті.

Созақтың тұзына сұраныс артып келеді

Созақ ауданында өндіріс орындарының қатары артып келеді. Сондай кәсіпорынның бірі-"Дархан-ас" өндірістік кооперативі былтырғы жылы жалпы құны 150 млн теңгені құрайтын тұз өндірген. 

Түркістан облысында пандемияға қарсы қауіпсіздік шаралары жүріп жатыр

  

 

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай жариялады.Бұл ретте Түркістан облысының әкім Өмірзақ Шөкеев ҚР Президентінің Жарлығын жүзеге асыру бойынша қаулы қабылдап, бірқатар шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

Осы RSS каналға жазылу