Мақтааралдық кәсіпкер мемлекеттік бағдарламамен ірі қараны бордақылау ісін ұлғайтып отыр
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғыны Тыстыбай Срайлов мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін ұлғайтты. Ол 2013 жылы «Құдайберген» шаруа қожалығын құрып, ірі қараны бордақылау ісін қолға алған. Кәсіпкер шағын кәсібін ұлғайту үшін 2018 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында төмен пайызбен 29,4 млн. теңге несие алған. Бүгінде сол қаржының көмегімен мал басы санын 150-ге жетікізіп отыр.