Super User

Super User

Түркістанда Абайдың 175 жылдығына орай анимациялық фильмдер түсіріледі

 

  

Түркістан облысы бүгінде телесериал мен анимациялық фильмдердің орталығына айналып отыр. Бұған дейін аңыз әрі тарихи кейіпкерлерді паш ететін бірнеше туындыны көрерменге тарту етті. Биыл да Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Түркістан құпиялары» деректі фильмін және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында анимациялық фильмдерді түсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеді.

Гросс тренажерін жасаушы Юхан Гросс Түркістандағы сал ауруы бар балаларға көмектесуде

Церебралды сал ауруы бар балаларды аяққа тұрғызатын Гросс тренажерін ойлап тапқан шетелдіктер Түркістанға арнайы келіп, өңірдегі науқас балаларға көмек беруде. 

Түркістан облысында биыл салаларды цифрландыру мақсатында 30-ға жуық жоба жүзеге асады

   

Биыл Түркістан облысында түрлі салаларды цифрландыру мақсатында 29 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Өткен жылы облыс көлемінде цифрландыру саласы бойынша 17 жоба іске қосылған болатын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.

Сарыағаштық шаруалар құлпынай егуді бастап кетті

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Тегісшіл ауылдық округінде 18 гектар құлпынай жайқалып тұр. Сәуір айында алғашқы өнімін бере бастайды. Қазір мұнда 30-ға жуық жергілікті ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған.

Құлпынай егу ісін «Абдураман» шаруа қожалығы осыдан 7 жыл бұрын 10 соттық жерге егуден бастаған. Жыл сайын нәзік дақылды өсірудің қыр-сырын меңгеріп, шетелден ұрық алдырып, мол пайдаға кенеліпті. Соның нәтижесінде бүгінде қожалық құлпынай көлемін 18 гектарға жеткізіп отыр.

Былтырғы жылы қожалық бас-аяғы 150 тонна өнім алыпты. Өндірілген өнімді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларымен қатар, облыстың Сарыағаш, Қазығұрт аудандарына саудалапты.

«Біз көп іздендік. Шетелдерге көп шығып, Сарыағаш ауданының климатына қолайлы сорттарды әкеле бастадық. Өткен жылы жалпы құны – 50 млн теңгені құрайтын жоба аясында 18 гектар жерге тамшылатып суару әдісін ендірдік. Бұл жоба толық іске асса, жылына 350 тонна өнім алуға болады. Сондай-ақ, 45 адамды жұмыспен қамтитын боламыз», – дейді қожалық төрағасы А.Шымбергенов.

Айта кетейік, құлпынай дақылы Түркістан облысында көп егіле бермейді. Дегенмен әрекет түбі – берекет, қожалық осыны ескеріп, тәуекелге бел буып, ірі көлемде шығын шығаруда. Алдағы жылдары қожалық құлпынайды жылыжайда өсіріп, 6 ай бойы өнім алуды жоспарлап отыр.

 

 

 

 

Осы RSS каналға жазылу