Түркістан облысында короновирусқа қарсы барлық шаралар қолға алынуда
Түркістан облысында коронавирус дертіне шалдыққан азаматтар жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев хабарлады. Брифингке облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов қатысты.