Шымкентте емхана қызметі жақсарып келеді

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков №6 емхананың қызмет көрсету сапасын тексеру мақсатында арнайы барды. Ол емхананың галерея бөлігін, күндізгі стационарды, гинекология және жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімшелерін аралап, емдеу мекемесінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм салмақпен ауыр халде туылған. Күрделі ота барысында сәбидің іш қуысына шыққан кіндік жарығы жойылып, бауырдағы киста сәтті алынды.

Шымкент: АПВ қарсы қыздарды жаппай вакцинациялау басталды

Қазан айының басынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі себебі болып саналатын адам папилломавирусына (АПВ) қарсы қыздарды жаппай вакцинациялау басталған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта ел бойынша 57 мыңнан астам қыз бала АПВ-ға қарсы вакцина алған.

Түркістан облысы: МӘМС жүйесінің іске асырылуы туралы өңірлік штабтың отырысы өтті

Түркістан облысындағы МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтардың үлесін 2024 жылдың қорытындысымен 86%-ға жеткізу көзделген. Бүгінгі таңда межеге жету бағытында арнайы жұмысшы топ құрылып, тұрақты жұмыстар жүргізіп келеді.

Түркістан: Вице-премьер Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өңірде денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде кеңес өтті

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласында бірқатар міндет қойды. Жыл соңына дейін Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін цифрландыруды аяқтау, ал келесі жылдың соңына дейін бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйені енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Түркістан облысының бірқатар ұйымы басшыларымен өткен кеңесте айтты.