№12 емханада медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Шымкент қалалық №12 емханасында медицина қызметкерлерінің кәсіби мәдениетін арттыруға, пациенттермен және әріптестермен өзара қарым-қатынасты жетілдіруге бағытталған семинар өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы — «Қызметкерлер мен пациенттер арасындағы этика және деонтология. White Code».

МӘМС туралы жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауап

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың әлеуметтік желідегі сұрақтары мен өтініштерін тұрақты түрде талдап отырады. Тұрғындарды көбіне дәрігер қабылдауын және тексеруді ұзақ күту, жолдама алудағы қиындықтар, тегін көрсетілуі тиіс қызметтерге ақы төлеу, сондай-ақ дәрігерлердің, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі сияқты мәселелер толғандырады.

Халыққа АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары түсіндірілді

Шымкент қаласында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен «Жабық базар» аумағында халық пен қызметкерлер арасында АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – тұрғындар мен қызметкерлердің АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру.

Шымкент: МӘМС пен әлеуметтік төлемдер бойынша азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі мен әлеуметтік төлемдерге қатысты азаматтарға кеңес беру мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға әлеуметтік және медициналық қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, өзекті мәселелер бойынша нақты ақпарат беру және азаматтардың сауалдарына жауап ұсыну.

Артық салмақ, инсулинорезистенттілік және 2 типті қант диабеті: алдын алу – денсаулық кепілі

Шымкент қалалық №10 емханасында халықтың денсаулық сауаттылығын арттыру және созылмалы аурулардың алдын алу мақсатында Денсаулық мектебінде ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуді емхананың эндокринолог дәрігері өткізіп, пациенттерге «Артық салмақ. Инсулинорезистенттілік. 2 типті қант диабеті» тақырыбында маңызды ақпараттар ұсынды.

Профилактикаға басымдық: Шымкентте тұрғындарға арналған Ашық есік күні өтті

Аурудың алдын алу мен халық денсаулығын нығайту бағытындағы профилактикалық шаралар медициналық көмектің маңызды бөлігіне айналып келеді. Көптеген ауруларды ерте кезеңде анықтап, дер кезінде ем қабылдау адамның өмір сүру сапасын жақсартуға және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Шымкент қаласында тұрғындарға арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, азаматтарға бейінді дәрігерлердің кеңесін алу және денсаулығына қатысты өзекті мәселелер бойынша қажетті ақпарат алу мүмкіндігі ұсынылды.