Гинекологиялық обырдың алдын алу – әйел денсаулығын қорғаудың маңызды қадамы

20 қыркүйек – Гинекологиялық обыр туралы ақпараттандыру күніне орай емханамызда әйелдер денсаулығын қорғауға бағытталған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың гинекологиялық обыр туралы хабардарлығын арттыру, аурудың алдын алу жолдарын түсіндіру және әйелдерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Жүктілік және босану: МӘМС аясындағы медициналық көмек

Жүктілік – әйел өміріндегі жауапты кезеңдердің бірі. Осы уақытта ана мен болашақ сәбидің денсаулығын тұрақты медициналық бақылауда ұстаудың маңызы зор. Қазақстанда жүкті әйелдерге жүктілік пен босануға байланысты медициналық көмектің басым бөлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі. Сондықтан болашақ аналардың өздерінің сақтандыру мәртебесін біліп, медициналық көмекті алу тәртібінен хабардар болғаны маңызды.

ЖРВИ-ден сақтанайық: балалар денсаулығын қорғау маңызды

Күз-қыс мезгілінде ауа райының салқындауына байланысты жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) таралу қаупі артады. Бұл кезеңде балалардың денсаулығына ерекше көңіл бөліп, аурудың алдын алу шараларын сақтау маңызды. ЖРВИ – тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустық инфекциялар тобы. Ауру көбіне түшкіру, жөтелу және науқас адаммен тығыз қарым-қатынас жасау кезінде таралады.

АИТВ инфекциясының алдын алу және диагностикалау бойынша оқу-әдістемелік көмек көрсетілді

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК маманы, дәрігер-эпидемиолог А.Т. Байкасованың қатысуымен медицина қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

«Денсаулық бұрышы»: Шымкентте дәрігерлер тұрғындарды сауда орталығында қабылдады

Шымкентте тұрғындардың денсаулығын қорғауға, аурулардың алдын алуға және түрлі сырқаттарды ерте кезеңде анықтауға бағытталған «Денсаулық бұрышы» акциясы ұйымдастырылды. Әлеуметтік маңызы бар шара барысында қала тұрғындары күнделікті тұрмыста жиі баратын сауда орталығында дәрігерлерден тегін кеңес алып, денсаулық көрсеткіштерін тексеруге мүмкіндік алды.

Шымкентте МӘМС жүйесін трансформациялаудың негізгі бағыттары таныстырылды

Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды кездесу өтті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Орталық аппаратының өкілдері қаладағы медицина қауымдастығымен бас қосып, МӘМС жүйесін трансформациялаудың негізгі бағыттарын таныстырды. Кездесуде «МӘМС 2.0» жаңа тәсілдері мен Qalqan бірыңғай цифрлық платформасының мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.

Отбасын жоспарлау – отбасы салауаттылығының негізі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі. Оның берік болуы отбасы мүшелерінің өзара түсіністігімен қатар, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауына да байланысты. Осы тұрғыдан алғанда отбасын жоспарлау – ерлі-зайыптылардың денсаулығын сақтауға, болашақ ұрпақтың дүниеге келуіне алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі.

Бала денсаулығы – басты назарда

Баланың денсаулығы – кез келген отбасы үшін ең маңызды құндылықтардың бірі. Сәбидің дұрыс өсіп-жетілуі, оның физикалық және психоэмоционалдық дамуы ата-ананың ғана емес, медицина мамандарының да тұрақты назарын талап етеді. Баланың бойындағы кез келген өзгерісті дер кезінде байқап, қажетті медициналық көмек көрсету – болашақ денсаулығының берік негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.