Шымкентте 590 орынды карантин орталығы ашылды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған қосымша карантиндік төсек орындардың дайындығымен танысты.

Шымкентте медицина мамандарын автобустар тасымалдауда

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 19 сәуірден бастап Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылды. - Өйткені автобустар тікелей індеттің таралу ошағы болуы әбден мүмкін. Оған қоса сарапшылардың пікірі де ескерілді. Сондықтан осындай қадамға амалсыздан бардық, - деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов брифингте.

Түркістан: 9 науқас індеттен айықты

30 сәуірдегі ақпарат бойынша Түркістан облысында 9 азамат коронавирус инфекциясынан жазылған. Облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны – 38,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысының ауруханалары өкпені жасанды желдетуге арналған Германиялық аппараттармен толықты

Германияда өндірілген «Jenny» маркалы өкпені жасанды желдету аппараттарымен Түркістан облысының барлық аудандық, қалалық ауруханалары қамтамасыз етіледі. Жаңа медициналық аппаратты облыс әкімдігінде арнайы мамандар таныстырды.