Түркістан облысы: Шардара ауданында 103 бүлдіршін тегін сүндеттелді

Аталмыш акцияның өтуіне Шардара аудандық орталық ауруханасының 9 хирург-дәрігері мен медбикелері атсалысқанын атап өткен жөн. Шардара ауданының орталық ауруханасында негізінен көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері тегін сүндеттелді. 

Үкімет басшысы Арыс қалалық орталық ауруханасының жұмысымен танысты

Күрделі жөндеуден өткен Арыс қалалық орталық ауруханасының жұмысымен танысқан Үкімет басшысы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың еңбегіне жоғары баға берді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданы емханасындағы цифрландыру халықтың қолдауына ие

Орталық емханада ашылған жаңа қызмет түрлері бүгінде халықтың көңілінен шығып, қажеттеріне жарауда. Күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен қабылдау бөлімінің сәнді көрінісі кімді болсын қызықтырып, көңілін қуантады. Ауырып ем іздеп барған науқастар жайлы, таза, жарық жерде отырып, кезегін күтеді. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында диагностикалық орталықтың құрылысы жүргізіліп жатыр

Жетісай ауданында ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жетерлік. Айталық, Жаңаауыл округіне қарасты Ынтымақ ауылында жеке кәсіпкер Бахтияр Шавкеев 2 қабатты диагностикалық орталықтың құрылысын жүргізуде. Аумағы атшаптырым нысанның құрылысы сәуір айында басталған. Бүгінде мұнда 14 құрылысшы үш ауысыммен жұмыс істеуде. 

Түркістан облысы: медициналық қызметтерді сатып алу цифрлық форматқа өтеді

Медициналық қызметтерді сатып алу цифрлық форматқа өтеді. Бұл процестің ашық әрі әділетті өтуі үшін қолға алынған. Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап – кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі қызметтерге тапсырыс беруші әрі халыққа көрсетілген қызмет ақысын төлеуші. Қызмет көрсетушілерді таңдау мен келісімшарт бекіту ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығы негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсететін жеткізушілерді республикалық және аймақтық комиссиялар іріктейді.

Түркістанда Қазақстанның ең мықты радиологтары бас қосты

Түркістан қаласының орталық ауруханасында «Радиология саласының өзекті мәселелері» атты тақырыппен ғылыми практикалық конференция өтті. Маңызды басқосуды Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы және Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы басшылығы ұйымдастырды.

Түркістан: түркиялық дәрігерлер арыстықтарға көмек көрсетуге дайын

Медицина саласында «Тізе буын хирургиясы» өте өзекті. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Түрік елінің травматолог-ортопедтері келді. Мақсаты Арыстан келген науқастарға күрделі ота жасау. Сонымен қатар жергілікті мамандармен тәжірибе алмасу.