Үкімет басшысы Арыс қалалық орталық ауруханасының жұмысымен танысты

Күрделі жөндеуден өткен Арыс қалалық орталық ауруханасының жұмысымен танысқан Үкімет басшысы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың еңбегіне жоғары баға берді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданы емханасындағы цифрландыру халықтың қолдауына ие

Орталық емханада ашылған жаңа қызмет түрлері бүгінде халықтың көңілінен шығып, қажеттеріне жарауда. Күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен қабылдау бөлімінің сәнді көрінісі кімді болсын қызықтырып, көңілін қуантады. Ауырып ем іздеп барған науқастар жайлы, таза, жарық жерде отырып, кезегін күтеді. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында диагностикалық орталықтың құрылысы жүргізіліп жатыр

Жетісай ауданында ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жетерлік. Айталық, Жаңаауыл округіне қарасты Ынтымақ ауылында жеке кәсіпкер Бахтияр Шавкеев 2 қабатты диагностикалық орталықтың құрылысын жүргізуде. Аумағы атшаптырым нысанның құрылысы сәуір айында басталған. Бүгінде мұнда 14 құрылысшы үш ауысыммен жұмыс істеуде. 

Түркістан облысы: медициналық қызметтерді сатып алу цифрлық форматқа өтеді

Медициналық қызметтерді сатып алу цифрлық форматқа өтеді. Бұл процестің ашық әрі әділетті өтуі үшін қолға алынған. Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап – кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі қызметтерге тапсырыс беруші әрі халыққа көрсетілген қызмет ақысын төлеуші. Қызмет көрсетушілерді таңдау мен келісімшарт бекіту ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығы негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсететін жеткізушілерді республикалық және аймақтық комиссиялар іріктейді.

Түркістанда Қазақстанның ең мықты радиологтары бас қосты

Түркістан қаласының орталық ауруханасында «Радиология саласының өзекті мәселелері» атты тақырыппен ғылыми практикалық конференция өтті. Маңызды басқосуды Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы және Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы басшылығы ұйымдастырды.

Түркістан: түркиялық дәрігерлер арыстықтарға көмек көрсетуге дайын

Медицина саласында «Тізе буын хирургиясы» өте өзекті. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Түрік елінің травматолог-ортопедтері келді. Мақсаты Арыстан келген науқастарға күрделі ота жасау. Сонымен қатар жергілікті мамандармен тәжірибе алмасу.

Түркістан: А.Мамин Арыс аудандық ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

ҚР Премьер — министрі Асқар Мамин, еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыс қалалық орталық ауруханасында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Арыстың бүгінгі жай-күйі туралы нақты ақпарат беру мақсатында арнайы келген делегацияға Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев қазіргі таңда Арыстағы емхана науқастарды қабылдап жатқанын және 1 ай ішінде қалалық аурухана іске қосылатынын атап өтті.

Арыстық балалар «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінде демалуда

Арыс қаласында орын алған жағдай жалпы қазақ елінің қабырғасын қайыстырған оқиға болды. Әйтсе де, арыстықтардың басына түскен сынақты ел болып көтеріп, жұмыла көмектесудің арқасында қалаға қайта жан біте бастады. Бүгінде Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тікелей басшылығымен қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.