Кездесуді ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев ашып, күн тәртібіндегі мәселені жиналған көпшілікке таныстырды. Бұдан соң аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Аталған ауылдық округтерде өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, Иассы ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындарының басты талабы ауыз су мәселесін алға тартты. Сонымен қатар, тұрғын үйлердегі электр жарығының нашарлығын, жаңа трансформатор орнатуын, электр бағаналарының тозығы жеткенін, Еңбекші Дихан елді мекеніне Түркістан қаласынан қоғамдық көліктің қамтамасыз етуін, жол, ағын судың тапшылығын, тегін медициналық берілетін дәрі-дәрмектің берілмеуін, елді мекендегі амбулаторияға тіс дәрігерін орналастыруын, втеринарция қызметі өз деңгейінде жұмыс жасамайтынын, елді мекеннің кіре берісіне бейне бақылау камерасын орнатуды жеткізді.
Бұдан соң кезекті кездесу Оранғай ауылдық округіндегі мәдениет үйінде жалғасын тапты. Бұл ауылдық округіндегі тұрғындардың өзекті мәселесіне айналған электр жарығының сапасыздығы, трансформатор орнату керектігін, электр бағаналары ауыстыруды қажет ететінін, ауыз судың тапшылығын атап өтті. Бұдан бөлек, диханшылықпен айналысатын шаруалардың басты мәселесі ағын судың жетіліксіздігі, ауылдағы көпірдің жарамсыз болып қалғанын, жедел жәрдемнің кешігіп, уақытында келмеуін, сондықтан ауылдық округ орталығына бір жедел жәрдем көлігін қамтамасыз етуін сұранды.
Кездесу барысында көшелерге асфальт төсеу, жаяу жүргінші жолдарын салу, медициналық қызметтің нашарлығын айтса, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Абитддин Пахриддинов қария ауылдағы балабақша мекемесінің жабылып қалғанын, соны қайта ашылу бағытында жедел шешім қабылдап жұмыс жүргізілмесе, тұрғындар тарапынан наразылық өршіп кетуі мүмкін екенін жеткізді.
Жоғарыда аталған ауылдық округтердегі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер бойынша әрбір сұраққа дер кезінде аудан әкімінің орынбасарлары және тиісті бөлім басшылары бақылауға алып, шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, кездесулерге сол ауылдық округтерінен сайланған депуттаттар Абсамат Маткәрімұлы мен Абдурашит Жүсіпов те арнайы қатысып, өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.
Сауран ауданы әкімдігі жергілікті халықты ауыз сумен және егістікті табиғи су жүйелерімен қамту жұмысына жан-жақты талдау жүргізіп, кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруда. Қазіргі таңда Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі Ақтөбе су қоймасынан егіске баратын Тасарық құрылысының жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге байқау өткізіліп, жобалаушы мекеме анықталды. Сонымен қатар Бабайқорған ауылдық округі, Үлгілі елді мекеніндегі «Сасық бұлақ» су қоймасы құрылысының жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге байқау өткізіліп, жобалаушы мекеме анықталған.
Бүгінгі таңда 31 елді мекеннің ауыз су тарату орталықтарындағы тозығы жеткен құрылғыларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыру көздеріне қарай кезең–кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Қазіргі таңда, төрт ауылдық округтегі он бір елді мекенге табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілген. Атап айтқанда, Үшқайық ауылдық округіне қарасты төрт елді мекенге өткен жылдың сәуір айынан бастап газ берілуде.
Сонымен қатар, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтерін және Оранғай, Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлдіруге облыстық салалық басқармаға ұсынылды. Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніне магистральды газ құбырларын жүргізу жұмыстары бойынша Кентау қаласының әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сауран ауданы әкімдігі тарапынан екі ауылдық округке табиғи газбен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы қаралып, жобалаушы мекеме анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Олар Оранғай ауылдық округіндегі Бостандық және Қосқарған елді мекендері, Иассы ауылдық округіндегі Еңбекші Дихан елді мекенін табиғи газ құбырымен қамтамасыз ету құрылысының жобалары.
Бүгінде Сауран ауданында мал басы өскен сайын жайылымдық жерлерді заңды иесіне қайтару мәселесі бас ауыртатын аса өзекті мәселенің біріне айналды. Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан Сауран ауданы бойынша 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланып, 51,25 мың гектар жер телімін мемлекет мұқтаждығына алынып, аталған ауылдық округтерге ортақ жайылым үшін қаулы қабылданып, сәйкестендіру актісі рәсімделуде.
Сонымен қатар, 78,4 мың гектар жерді меморандум арқылы беру жоспарланып, жалпы 31,8 мың гектар жер теліміне келісім-шарт түзумен меморандум арқылы ортақ жайылымға келісілді. Сонымен қоса кәсіпкерлік жер учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу Gosreestr.kz электронды сауда айналымы жүйесі арқылы талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 7 жер аукцион арқылы беріліп, жалпы соммасы 12 158 935 теңге бюджет есебіне түскен. Сауран ауданына қарасты ауылдық округтер бойынша 27,3 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, Сауран ауданы әкімдігінің арнайы жер қорына алу туралы қаулысы қабылданып, мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сауран ауданы бойынша алдағы уақытта бос алаңшаларды дайындап, инженерлік инфрақұрылымдық жүйелерін жүргізуге жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу үшін бюджеттен 380 млн теңге қаражат бөлінген жағдайда инженерлік инфрақұрылымдық жүйелері жүргізілгеннен соң тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелері Сауран ауданы бойынша кезекте тұрған 23824 азаматтарға заң аясында табысталатын болады.
Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 15 млн.теңге АИО «Оңтүстік» микро қаржы ұйымынан 8 адам 660,3 млн. теңге және «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 60 адам 250 млн. теңге несие алған. Былтыр осылайша ауыл шаруашылығы бағытында несие алғандардың жалпы саны 71-ге жеткен.
Түркістанның облыс мәртебесін алуы мен Сауран ауданының қайта ашылуы, өңірдің іскер қауымының жаңа жобаларды игеруіне жол ашты. Түркістан мен Сауранда мемлекеттік ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылысының жоғары қарқынмен дамуы кәсіпкерлердің жиһаз жасауға құлшынысын арттырды.
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «DIVALUX» ЖШС кәсіпорны 370 млн.теңге несие алды. 100 жаңа жұмыс орнын ашты. Өткен жылы Иассы ауылдық округінде орналасқан «Sem Brend» жиһаз цехы, жоба құны 300 млн теңге несие алып, 100 жаңа жұмыс орнын қамтитын жоба іске қосылды. Бұлардың негізгі атқаратын жұмысы темірден жиһаз жасау кәсіпорны қазіргі таңда 45 гектар аумақты алып отыр.
Былтыр «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша шағын несие алып, 2022 жылдың мамыр айында іске қосылған «Авиценна-А» емханасы ашылды. Жоба құны 1800,0 млн теңге құрады. Қазір мұнда 150 жаңа жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан жоба құны 789,0 млн. теңгені құрайтын «GOLDEN Cotton» ЖШС мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауыты іске қосылды. Қазір мұнда 34 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, Жаңа Иқан ауылдық округінде жоба құны 600 млн теңгені құрайтын 300 орындық жаңа мектеп «ДАРЫН КZ» ЖШС және жоба құны 1 млрд теңгені құрайтын 280 орындық жаңа мектеп «Жаңа Иқан» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен пайдалануға берілді.
Иассы ауылдық округінен «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорны ерекше тартымды жоба болып отыр. Жоба құны 8,0 млрд.теңге тұратын күн сәулесінен қуат алатын құрылғылар орнатылады. Мұнда 20 жаңа жұмыс орны ашылады. Қала іргесіндегі Шаға ауылдық округінен жеміс-жидек өнімдерін консервілейтін цех құрылысы басталады. Бұл жобаның құны 400,0 млн.теңге құрап отыр. Цех іске қосылған кезде 15 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіп-керлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында, 2022 жылы 7086 адам әлеуметтік шаралармен қамтылып, көрсеткіш 169,3% орындалды. Әлеуметтік шаралармен қам-тылған жастар 1924 адам, аз қамтамасыз етілгендерден 396 адам, әйелдер саны – 2694 адам, мүмкіншілігі шектеулі азаматтардан 234 адам қатыстырылды.
Сауран ауданының екінші тынысы ашылғалы бері мыңдаған жаңа кәсіпорындар ашылып, бейнеткеш қауымының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жылдам көтеріліп келеді. Бұл өз кезегінде істің көзін тапқан тұрғындарды биліктің де дер кезінде қолдауының нәтижесі деуге болады.
«AQ-QARA.KZ»