Сейсенбі, 24 Қазан 2023 12:11

Сауран ауданында сүтті қайта өңдеу бойынша жаңа кәсіпорын іске қосылмақ

Зауыт жылына 4 мың тоннаға жуық сүт өнімдерін шығарады. Мекемені магистралды газ құбырына қосу мәселесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кезекті Инвестциялық штабтың кезекті отырысында қаралды. Облыс әкімі жаңа жоба бастаушылар көтерген мәселелерді шешуді тапсырды. Инвесторлардың басым бөлігі инфрақұрылым тарту мәселесін ортаға салды.

Бұрынғы Кентау экскаватор зауытының аумағында жаңбырлатып суару қондырғыларын құрастыратын кәсіпорын салынып жатыр. Жаңа суару әдісінің арқасында тіпті диқандардың өз күштерімен игере алмай жүрген бос жатқан жерлері де тиімді пайдаланылатын болады. Ауыл шаруашылығы техникасы сұранысқа ие. Ай сайын 50 қондырғы жасап шығаратын зауыт алда жылына 500-ін сатуға шығаруды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен етек жайғалы отырған машина қызмет көрсетуде жеңіл әрі қауіпсіз. Энергия көзі ретінде дизель генераторы қолданылады. Ең бастысы - экономикалық жағынан тиімді. Жаңбырлатып суару әдісінің арқасында арықпен суарылған жерлерге қарағанда астық молырақ жиналады. Мекеме басшылары газ мәселесін ортаға салды.

Әр жобаға жеке тоқталып өткен обоыс басшысы, туындаған және туындауы мүмкін деген мәселелердің уақытылы шешімі үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Әр жобаға барынша көмек көрсетілетінін, жер телімі және инфрақұрылым секілді мәселелер шешімін табатынын айтты.

- Инвестициялық жобаларды тарту жұмыстарын күшейту керек. Бұл мәселе тұрақты бақылауда. Барлық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін белсенді жұмыс қажет. Басым бөлігі инфрақұрылым мәселесін көтеріп отыр. Бұл жайттар жаңа жобалардың жүзеге асуына кедергі болмауы тиіс. Нәтиже қазір керек. Уақыт созуға болмайды. Жұмыс орындары қазір керек,- деді Дархан Сатыбалды.

Мақтаарал ауданында құс фабрикасы салынды. Жаңа кәсіпорын жылына 5 мың тонна құс етін шығаруға қауқарқы. Құрылыс толық аяқталуға жақын. Штаб отырысында инвесторлар фабриканы табиғи газға қосу мәселесін көтерді. Облыс әкімі бұл мәселе бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырма берді.

Азық-түлік пен кондитерлік өнімдерді сақтайтын қойма Сауран ауданында салынды. 150 тонна өнім сақталатын қоймаға 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Су мәселесі жайлы айтқан кәсіпорын басшылығы зауыт аумағын арттыруды көздеп отыр. Кәсіпкер сондай-ақ балмұздақ шығаруды жоспарлаған.

Сауран ауданындағы мақта және мақта талшықтарын қайта өңдеу зауытын салу бойынша сөз алған инвестор электр жарығымен қамтуға қатысты қолдау қажеттігін айтты. Ал, Сауран ауданында жылына 20 мың жиһаз жасайтын фабрика салынбақ. Инвестор 650 адамды тұрақты жұмыспен қамту үшін кәсіпорынды ұлғайтуды көздейді.  Жиналыста Арыс қаласында салынып жатқан астықты сақтауға арналған элеватор және көлік-логистика орталығының құрылысы жобалары бойынша айтылды.

Түлкібас ауданындағы жемістер мен көкеністерді өңдеу және консервілеу жобасы бойынша инвестор бірқатар мәселені мәлім етті. Кәріз жүйесіне қатысты мәселе жауапты басшыларға тапсырылды. Сонымен қатар жеңілдетілген несие алу бойынша ұсыныстар айтылды.

Инвестциялық штаб отырысында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен облыста тұт кластерін құру бойынша жұмыс барысы баяндалды. Сондай-ақ аудан, қалаларда орналасқан индустриалды аймақтардың қазіргі жағдайы бойынша Келес және Мақтаарал аудандарының әкімдері есеп берді.

Жалпы, Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137 гектар егістік жер игерілсе, биылғы жылға 42 200 гектар егістік жерді игеру тапсырмасы берілді. Бүгінгі күнге нақты 43 530,8 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 1 393,4 гектарға артығымен орындалды немесе 103,1%-ды құрады. Есепті кезеңде аудандағы мал саны 751,1 мың бас, құс саны 160,0 мың басты құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4%-ға артты.

2022 жылы Сауран ауданына ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 6 млрд. 300 млн. теңге тапсырма берілсе, жыл қорытындысымен 7 млрд. 141 млн. теңге инвестиция тартылып, 113,4%-ға орындалды. Ал, 2023 жылға 11 млрд. 332 млн. теңге тапсырма беріліп, 7 айдың қорытындысымен 3 млрд. 960 млн. теңгеге орындалды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артты. Бұдан бөлек, алдағы уақытта ірі шаруалар бойынша жалпы құны 4 млрд 468 млн. теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда:

- Үшқайық ауылдық округінде «Иманқұл ата» шаруа қожалығының – балық шаруашылығын дамыту жобасы, жалпы инвестиция құны 608,0 млн. теңге;

- Оранғай ауылдық округінде «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы, жалпы инвестиция құны 2,56 млрд. теңге;

- Ескі Иқан ауылдық округінде «AgroFoodTrade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – мақта майын өндіру цехы жобасы, жалпы инвестиция құны 500,0 млн. теңге;

- Оранғай ауылдық округінде «БНК АГРО KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысының жобасы, жалпы инвестиция құны 400,0 млн. теңге;

- Жібек жолы ауылдық округінде «Тәуекел Агро» шаруа қожалығының – жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа өсіру жобасы, жалпы инвестиция құны 400,0 млн. теңге.

Бүгінгі күнге, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 134 жоба қабылданып, оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша құны 231,2 млн. теңгені құрайтын 41 жоба, Оранғай ауылдық округі бойынша құны 169,3 млн. теңгені құрайтын 32 жоба, Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 94,9 млн. теңгені құрайтын 15 жоба, Майдантал ауылдық округі бойынша 51,0 млн.теңгені құрайтын 10 жоба несие комитетімен мақұлданды.

Қазіргі таңда мақұлданған, құны 261,0 млн. теңгені құрайтын 50 жоба «Ырыс МҚҰ» тарапынан қаржыландырылып, 38,5 млн. теңгені құрайтын 7 жобаның кепіл шартын тіркеу сатысындағы жұмыстары жүргізілуде. Қаржыландырылған азаматтар бүгінгі таңда өзге облыстан сауынды сиыр және ірі қара мал сатып алу жұмыстарын жүргізуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда.

Аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлының айтуынша, Сауран ауданына биыл І тоқсанда 6 млрд 428,9 млн теңге инвестиция тартылған. Осы жылы жалпы құны 13 млрд 129 млн теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 329 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр. – Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атап өтсем, Оранғай елдімекенінде «Балмұздақ» ЖШС-ның балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу және «Ныш Ер» ЖШС-ның демалыс аймағы және қонақүй салу жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Ал Шаға ауылдық округінен «Яссы Agro.kz» ЖШС-ның жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз өсіру жобасын жүзеге асыру қолға алынады. Үшқайық ауыл округінен «Иманқұл ата» Ш/Қ-ның балық шаруашылығын дамыту мен Шорнақ елдімекенінен «Sauran Plast» ЖК-ның қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені жобасы, сондай-ақ, Ескі Иқан елдімекенінен «AgroFoodTrade» ЖШС-ның мақта майын өндіру цехы жобасы іске асыру жоспарланып отыр, – дейді Ғалымжан Қарабайұлы.

Су шаруашылығы бойынша Бабайқорған ауылдық округінде екі жоба іске асуда. Атап айтқанда:

- Сасықбұлақ су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың қайта құру жұмыстарына (8,67 км) және Ақтөбе су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда (12,1 км). Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджетке ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округіндегі «Қосқорған» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Майдантал ауылдық округіндегі «Майдантал» су қоймасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сауран ауданының кәсіпкерлік саласының да жыл өткен сайын даму көрсеткіштері жоғарылап келеді. Соңғы 2 жылда аудан экономикасына 38,3 млрд. теңгеден астам инвестиция бағытталып, 2 есеге өсті. (2021 жылы 12,4 млрд теңге, 2022 жылы 25,9 млрд теңге). Биылғы 7 айда инвестиция көлемі 15,7 млрд. теңгені құрады (жылдық жоспар 30,1 млрд.тг.). 2023 жылға 14,4 млрд. теңгеге 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған (508 жұмыс орны). Жыл басынан 5,3 млрд. теңгеге 37 жоба іске қосылып, 149 жұмыс орны ашылды. Жылдың соңына дейін 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылады (359 жұмыс орны).

2023 жылдың қаңтар-шілде айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 млрд. 491,1 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,3%-ды құрады. Өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 3 млрд. 651,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 107,0 пайызға жеткен. Биылғы жылы 7 айдың қорытындысымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы арқылы, кәсіпкерлік субъектілерін 800,0 млн. теңгеге жуық жеңілдетілген 6%-дық несиемен 11 жоба қаржыландырылды.

Бірыңғай индустрияландыру картасы және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс орындарын іске қосу және сүйемелдеу бойынша қажетті шараларды қабылдануда. Соның бір дәлелі Өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылға жүзеге асырылуы жоспарланған «Sauran Plast» ЖК, жоба құны 675 млн. теңгеге 15 жұмыс орнымен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуден полиэтилен пакет және құбыр өндірісі жобасына сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым айында І-ші кезеңі іске асырылды.

Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  6 901 жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 4 828-ге өсті. (2021ж-2073). Осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға артты.

Ауыл­дарды дамыту бойынша алға қой­ған жоспарлар көп, соған байланыс­ты біраз жұмыс атқарылып жатыр. Қазір ауыл-аймақтарды дамыту барлық қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде жүзеге асырылады. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін Үкімет ауылдық аумақ­тарды дамытудың 2023-2027 жыл­дарға арналған тұжырымдамасын бекітті.

Тұжырымдама ауылдық аумақ­тар­дың географиялық ерекшеліктері мен бәсе­ке­лестік артықшылықтарын ескере отырып, олардың әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық әлеуетін арттыруға бағыт­тал­ған. Тұжырымдаманың аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған. Құжаттағы басты назар «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекенді кешенді жаңғыртуда болып отыр. Бұл – жалпы ауылдардың 90%-ға жуығы. Мұндай елді мекендер адамдардың жұмыс істеуі мен тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасау есебінен экономикалық өсудің жаңа нүктелеріне айналады.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін агроөнеркәсіптік өндірісті жандандыру, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жолымен шешу жоспарда тұр. Осылайша, шағын шаруашылықтарды біріктіру және ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру фермерлерге тұқым, тыңайтқыш, жем, агро­техникалық және ветеринариялық қызметтер шығындарын қысқартуға, жер учаскелерін, ауыл шаруашылығы техникасын, ирригациялық және дре­наж­дық жүйелерді бірлесіп пайдалану есебінен өндірілген өнім көлемін арттыруға, сондай-ақ өндірілген тауарларды делдалдарсыз тұрақты өткізуге мүмкіндік береді. Жалпы, мұндай тәсіл бизнес-ортаны дамытуға және ауылда нарықтық, көліктік және логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыруға ық­пал етеді. Сонымен қатар қызмет ба­ғыт­­тарын кеңейту есебінен жаңа жұмыс орын­­дары пайда болады, осылайша ауыл­дан жас кадрлардың кетуі азаяды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық экономика ми­нистрлігі 2019 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын айттық. Мәселен, 2023 жылға бекітілген республикалық бюджетте «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға 41 млрд теңге бөлінсе, жобаны жүзеге асы­руға республикалық бюджетті нақ­ты­лау кезінде қосымша 55 млрд теңге қа­рас­ты­рылды.

 

Оқылды 185 рет