Сондай-ақ, 130 млрд. теңгеге «Созақ Фосфат» компаниясының минералды тыңайтқыш өндіру зауыты салынып, 1 мың адам жұмыспен қамтылады. «Састөбе инновациялық комплексі» каустикалық содаға арналған тұз сақтау қоймасы құрылысын бастайды. Қоймада жылына 100 мың тонна тұз сақтауға мүмкіндік болады. «Созақ мұнай және газ» компаниясы қуаттылығы - 2 млрд. текше метр болатын газ өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның құны 700 млрд. теңгені құрайды.
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Созақ ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Ел алдында есеп берген облыс басшысы биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылап, жеткен жетістіктер пен жасалған жұмыстың мән-жайымен таныстырғанын айта кетейік. Сонымен қатар алға қойылған мақсат-міндеттермен бөлісіп, қолға алынатын жобаларға кеңінен тоқталып өтті.
- Жаңа зауыттардың құрылысына аудан аумағынан жер телімдері айқындалып, құрылыс жұмыстарына қажетті барлау жұмыстары жүргізіліп, құжаттары рәсімделуде. Бұл жобалар іске асырылғанда 1 706 тұрақты жұмыс орны ашылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен септігін тигізетін болады. Біз өнеркәсіп саласын дамытуға күш саламыз. Халықты тұрақты жұмыспен қамту үшін зауыт-фабрикалар салуға басымдық береміз. Кәсіп бастауға ниетті барлық азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіледі,-деді Дархан Сатыбалды.
Әкімнің осыған дейінгі кездесуінде ауданның бірқатар маңызды мәселелері көтерілген еді. Олар кезең-кезеңімен, заң талаптарына сай жүзеге асуда. Осы уақыт ішінде алдағы қыс-көктемгі су тасқынының алдын алу үшін Аққолтық елді мекеніндегі бөгеттер тұрғызылып, арықтар қазылды. Балдысу және Қарабұлақ елді мекендерінің тұрғындарына қосымша су өткізгіш құбырларын орнату жұмыстары жүргілуде. Шолаққорған ауылының ішкі газ құбырының желісін тарту жұмыстары биыл толық аяқталады. Ауылға газ беру үшін автоматты газ тарату станциясы мен магистральды газ құбырының құрылысы келер жылы аяқталады. Ақшам, Наурыз шағын аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Электр жарығының жиі өшуіне байланысты ескі подстанция жаңартылатын болды.
Ауданның инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы инвестициялық бағдарламасының аясында биыл 26,5 шақырым электр желісі мен тозығы жеткен 3 трансформаторды ауыстырады. Ағаш бағаналары темір бетон бағаналарына ауыстырылады, жаңа трансформаторлар орнатылады. Биыл жергілікті бюджеттен қосымша 362 млн. теңге қаржы бөлініп, 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық маңызы бар Шолаққорған - Созақ, Созақ - Қарағұр, Шолаққорған - Құмкент жолдарының 152 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев абаттандыру, елді мекендерді таза ұстау мәселелеріне ерекше назар аударады. Аудан аумағын көркейтіп, қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазарту, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандар мен үйлердің қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары үнемі бақылауда болуы қажет. Бұл жергілікті әкімдердің жұмысының басты көрсеткіштерінің бірі. Тұрғындарды да осы жұмыстарға атсалысуға шақырамын.Тазалықты алдымен өзімізден бастасақ, шеттен келетін қонақтарға да дұрыс көзқарас қалыптастыратын боламыз. Былтыр демеушілер есебінен Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс жолының бойында 3,2 гектар жер телімі қоршалып, 3,5 мың көшет отырғызылған болатын. Көгалдандыру аймағына тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген. Биыл бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, қосымша 1,6 га жер теліміне 2 мың түп көшет отырғызылды. Жалпы, биыл аудан аумағын көгалдандыру мақсатында 18 670 көшет отырғызылды,-деді өзі сөзінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Ауданда орналасқан өндірістік кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер демеушілігі есебінен соңғы үш жылда 1,3 млрд. теңгеге бірқатар нысандар бой көтерді. Екі мешіт салып берді. 6 балалар алаңшасын, 5 спорт алаңын салып, 12 көшені жарықтандырды. 15 нысанды абаттандырып берді. Созақтықтар аз қамтылған көп балалы отбасыларға 11 үй сыйлады. Солардың бірі осыған дейін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуінде баспана сұраған мүгедек әйел бүгін арнайы алғыс айту үшін келді. Оған жергілікті кәсіпкер баспана сыйлаған.
Халықтың табысын арттыру мақсатында Созақ ауданында 6 айда 550 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауданда жұмыссыздық деңгейі 5 % құрайды. Бұл облыстағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.
«Жайлы мектеп» жобасы бойынша Шолаққорған ауылындағы 1961 жылы салынған Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің жанынан жаңа 900 орындық мектептің құрылысы биыл басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. Биыл 23 оқу кабинетін жабдықтауға 182 млн теңге қаралған.
Жалпы экономикасы дамыған елдер қатарына қосылу үшін ең әуелі әрбір өңірдегі кәсіпорындардың дамуына аса мән берген дұрыс. Себебі өнеркәсіп орындарының жұмысы баяуласа, шет елдік нарықта бой көрсету екіталай. Осыған байланысты Түркістан облысында биыл жыл басында өңдеу өнеркәсібі саласының өндіріс көлемі 97034,6 млн. Теңгені, ал өнеркәсіптік өндірістің индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне 110% құрайды. Бүгінгіде аталған қызмет түрі өндірісінің үлесі облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 46,4% құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында тамақ өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 24964,8 млн.теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңінен 5,3% төмендеді, бұл ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған ет өндірісінің 13,5%, үй құсының жас немесе тоңазытылған еті 47,2%, ірімшік және сүзбе 39,4%, өзге де сүт өнімдері 4,3%, дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда тартылған ұн қоспаларының 9% кемуінен орын алды. Сонымен қатар, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық өндірісі 27,8%, жеміс және көкөніс шырындар өндірісі 12,5%, сары май және сүтті спредтер 2,5 есеге жоғарлады.
Сусындарды өндіру саласында өндіріс көлемі өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 74,9% артты, ал өндірілген өнім көлемі 4256,2 млн. Теңгені құрады, бұл коньяк спирттің өндірген өнімнің 3,5 есе жоғарлауынан орын алды. 2023 жылдың қаңтар-наурызында тоқыма бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар 15405,8 млн. Теңгенің өнімін өндірді және өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,3 есеге жоғары болды, бұл мақта талшығы өндірісінің 3,4 есеге артуынан орын алды. Кокс және мұнай өнімдерін өндіру өнеркәсібінде 2945,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен 2,5 есеге жоғары, өндірістің өсуі негізінен мұнай жол битумдар өндірісінің 2,6 есе артық өндірілуінен болды. Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі өткен жылдың тиісті кезеңіне 23,1% жоғары болды, ал өндірілген өнім көлемі 4466,5 млн.теңгені құрады. Аталған салада өндіріс көлемінің негізінен отқа төзімсіз құрылыс кірпіштердің 35,8%, құрылыс ерітінділердің 5,8 есе өсуінен болды.
Машина өнімдерін жасау өндіріс көлемі 2023 жылдың қаңтар-наурызында 11210,5 млн.теңгені құрады, өнеркәсіптік өндіріс индексі 2022 жылдың тиісті кезеңіне 113,8% құрады, бұл өзге де злектронды және электр сымдар мен кабельдер өндірісінің 2,3 есе, кернеуі 1000 В артық электр тізбектерін ажыратуға, ауыстырып қосуға немесе қорғауға арналған аппаратура (жоғары вольтты аппаратура) өндірісінің 2 есеге өсуінен орын алды. Сонымен бірге, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру өндірісінде өндіріс көлемі 1408,1 млн.теңгені құрады, 2022 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 36,8% төмендеді, өндірістің төмендеуі пластмасса құбырлар, түтіктер, жеңдер мен шлангілер және олардың фитингтер өндірісінің 59,8% кемуінен орын алды. Алдыңғы жылдың тиісті кезеңінде киім өндіру саласы бойынша ерлерге арналған жұмыс киімі өндірісінің 11,7% кемуінен, өнеркәсіптік өндірістің индексі 10,9% төмендеді, ал өндіріс көлемі 438,2 млн.теңгені құрады.
2023 жылғы қаңтар-наурызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 209351 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2022 жылдың деңгейінен 6,3% жоғары. Өндіріс көлемінің өсуі облыстың 14 ауданында тіркелді, төмендеуі Кентау қ.ә., Созақ және Түлкібас аудандарында байқалды.Өнеркәсіп өндірісінің өңірлік құрамы бойынша ең жоғарғы үлес салмағы Созақ ауданына (54,5%), Мақтаарал (5,3%), Сайрам (5,2%), Кентау қ.ә (4,9%), Төлеби (4,3%), Ордабасы (3,9%), Сарыағаш ауданына (3,8%) тиесілі. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 2023 жылғы қаңтар-наурызда темірден қоспағанда, кендерді өндіру өндірісі 4,8% кемуіне байланысты өнеркәсіптік өндірістің индексі 97,3% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде сусындар өндіру (74,9%), тоқыма бұйымдарын өндіру (3,3 есе), кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру (2,5 есе), өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру (23,1%), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру (14,7%), металлургия өндірісі (1,7%), машина жасау (13,8%), жихаз өндіру (21,9%) өсу есебінен өндіріс 10% өсті. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіру (5,3%), киім өндіру (10,9%), резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру (36,8%), электр жабдықтарын өндіру (2,5%) кеміді.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялармен жабдықтауда электр энергиясын өндіру өндірісінің көбею есебінен (45%), өнеркәсіптік өндірістің индексі 138,6% құрады. Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2023 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіптік өндірістің индексі 139,4 % құрады.
Абайыл темір кен орны — Түркістан облысы Түлкібас ауданы Абайыл станциясынан солтүстікке қарай 15 км жерде орналасқан. Кен орны сақ заманынан белгілі болған. Кенді барлау жұмыстары 1942 жылы басталған. Кеннің басты минералдары – гидрогетит, гетит, турьит; құрамындағы темірдің орташа мөлшері 45%, байытуды қажет етпейді. Тотыққан белдемнен тереңге қарай кен сидерит, анкерит және пириттен тұрады. Осы тереңдіктегі кен құрамында 31,65% темір, аз мөлшерде мыс, күшәла, кобальт, қорғасын, молибден кездеседі. Кеннің жалпы қоры 55,9 млн. т. оның ішіндегі тотыққан кеннің мөлшері 23,24 млн. т. Тотыққан белдемдегі қошқыл түсті кен ашық әдіспен өндіріліп, бояғыш зат ретінде пайдаланылады.
Ащысай қорғасын-мырыш кен орны — Түркістан облысы Кентау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 24 км жерде орналасқан. Полиметалл кендеріне жатады. Негізгі минералдары – пирит, сфалерит, галенит, кальцит, доломит, барит, церруссит, гидрогетит, гетит, смитсонит, липсонит, халцедон. Шикізат Шымкент қорғасын зауытына жіберіледі.
Сонымен қатар Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлік деңгей қай деңгейде екені анықталды. 2023 жылғы 1 қаңтарға ШОК субъектілеріндегі жұмыспен қамтылғандар саны 263611 адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңіндегі деңгейінен 19,6% жоғары. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім шығарылымы, баға индексін қоса есептегенде, 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4% артып, 1429254 млн. теңгені құрады. Өнім шығарылымының негізгі үлесі (52,7%) заңды тұлғаларға тиесілі. Биыл алғашқы тоқсанда Түркістан облысының өнеркәсіп өнімінің көлемі 209,4 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аппараттың апталық отырысында осылай деді. Бірақ аудан, қалаларда бірқатар бекітілген индикаторлардың орындалуы деңгейі төмен. Сондықтан өңір басшысы жауаптыларға ішкі жалпы өнім мен кірістер көлемін арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.
Шитті мақтаны терең өңдеп, дайын талшық өндіретін зауыт Шымкенттегі мата шығаратын екі комбинатты дайын өніммен қамтамасыз етіп отыр. «Ақ алтынның» отаны саналатын Мақтаарал ауданында мақта өндіретін 6 кәсіпорын бар. Солардың ішіндегі мақта талшығын терең өңдейтін іргелі өндіріс орындарының бірі – осы «Мырзакент» мақта өңдеу зауыты. Алып кәсіпорын 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Жылдық қуаттылығы — 6600 тонна (жүзеге асырылуда); Мақтаарал ауданындағы «Tulpar May» ЖШС тазартылған май өндіру цехының құрылысы. Жылдық қуаттылығы — 2912 тонна. Жоба сомасы-2 млрд. теңге (іске асыру сатысында); Ордабасы ауданындағы «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір-химия комбинатының құрылысы. Жоба сомасы-1,5 млрд. теңге (іске асырылды); Кентау қаласындағы пластикалық құрылыс бұйымдарын шығаратын «АБН Альянс» ЖШС зауытының құрылысы. Қуаты — 1500 тонна кәріз құбырлары, жоба сомасы-600 млн. теңге (жүзеге асырылуда); Келес ауданындағы «Тмстрой21» ЖШС күйдірілген кірпіш шығаратын зауыт. Жылдық қуаттылығы — 15 млн. бірлік. Жоба сомасы-520 млн. теңге (іске асырылды); Түркістан қаласындағы «Turkistan Textile» ЖШС тігін цехының құрылысы. Қуаттылығы — айына 15 мың бірлік. Жоба сомасы-500 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданындағы «AYKAN» Айкан» ЖШС сүт өңдеу зауытының құрылысы. Жылдық қуаттылығы — 15 тонна. Жобаның құны-390,8 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданында «DARIA ГРУПП» ЖШС тауарлық бетонның асфальтбетон қоспаларын, темір-бетон және бетон бұйымдарын шығаратын зауыт. Қуаттылығы-тауарлық бетон-жылына 21 000 текше метр. Жоба сомасы-290 млн.теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданындағы «Elit Story M&A» ЖШС бетон және асфальт-бетон қоспаларын өндіретін зауыт.
Қуаттылығы-тауарлық бетон — 40 000 текше метр, жоба сомасы — 270 млн. теңге (іске асыру сатысында); Келес ауданындағы «АІ ВІ-І» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы. Қуаттылығы — 30 млн.дана. Жобаның құны-251 млн. теңге (іске асырылды); Сайрам ауданындағы «Көктал Групп» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты. Жылдық қуаттылығы — 20 мың тонна. Жоба сомасы-249 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданында «Конус и К» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты. Жобаның құны-200 млн.теңге (іске асыру сатысында).
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат