Бадам ауыл округіндегі «Бөрте Милка» ЖШС-нің жаңа технологиялы сүт өңдеу зауытында болған облыс әкімі аталған ұжымның жұмысына оң бағасын берді. Өндірістік қуатын арттыру, экспортқа шығару мәселелері назарда тұруы тиіс екенін жеткізді.
Жалпы «Бөрте Милка» сүт тауарлы тауарлы фермасы 3 кезеңмен іске асырылған. 2015 жылы сүт тауарлы ферманың құрылысы басталып, 1-ші, 2-ші сиыр қораларының құрылыстары жүргізілген. Швецияның «ДеЛаваль» компаниясымен ферманың құрал-жабдықтары, сиыр сауатын роботтары орнатылып, 136 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал Венгрияның «Хунланд Трейд Кфт» компаниясынан сатып алынған.
2016 жылы 3-ші, 4-ші сиыр қораларының құрылыстары жүргізіліп, толығымен жабдықталып, тағы да ірі қара мал әкелінген. Ал 2017 жылы ІІІ кезең аясында тәулігіне 50 тонна сүт өнімдерін өңдейтін зауыттың құрылысы жүргізіліп іске қосылды. Сүт өңдеу зауытына Италия мемлекетінің «Технолат», «SPX», «FBF» компанияларының құрал-жабдықтары қойылған. 110 адам жұмыспен қамтылған.
Кәсіпорын жетекшісі өңір басшысына зауыттың өндірістік қуаттылығын тәулігіне қосымша 9 тоннаға дейін ұлғайту жобасын іске асырып жатқанын айтты. «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы арқылы 2 млрд 498 млн теңге несие алынып, өндіріс аймағы ұлғаюда. Қосымша 400 бас ірі қара малға қоражай салынып жатыр.
Дархан Сатыбалды Бадам елді мекенінде орналасқан «JNRAY Group» ЖШС-нің тігін фабрикасымен танысты. Тәулігіне 500 дана өнім шығаруға қауқарлы фабрикада 500-ге жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жалпы құны – 1 млрд. 300 млн. теңге. Өндіріс алаңы 1,5 гектарды құрайтын фабриканың өнімі толықтай дерлік еліміздің ішкі нарығына жіберіледі.
Жалпы «JNRAY Group» тігін фабрикасы 3-кезеңмен іске асырылуда. 2023 жылы құрылысы басталып, биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Заманауи құрылғылармен жабдықталған.
Облыс басшысы кәсіпорын басшылығымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ жауапты басқарма мен аудан әкіміне кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмысын жандандыруды тапсырды.
Қазіргі таңда Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші өте жақсы деп айтуға болады. Қарқынға қарқын қосып келеді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 102,2 млрд.теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім +8,2%-ды құрады (ЖӨӨ жоспар 2023 жыл 103,4%). Жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 793 мың теңгеден келеді. Жалпы өңірлік өнім құрылымының 39 пайызы ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке 29 пайызы, саудаға 19 пайызы, құрылысқа 13 пайызы тиесілі. 2023 жылдың қорытындысымен өсім +2% деңгейінде болды.
Ордабасы ауданында бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданға 27,9 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім 22,5 пайызды құрады. Бірыңғай индустрияландыру картасына аудан бойынша 111 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізілд.і Аталған жобалар толығымен 2025 жылдың соңына дейін іске асырылады деп күтілуде. Нәтижесінде, 1 305 жаңа жұмыс орны құрылады.
Былтыр 1,2 млрд. теңгеге 2 жоба іске қосылып, 71 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, «Батсу Водоканал» компаниясы темір бетон бұйымдарын өндіреді, құны 1 млрд. теңге, 61 жұмыс орны ашылды.
«Ордабасы Арт» спорт клубы құны 200 млн. теңге, 11 адам жұмыспен қамтылды. Жыл соңына дейін 8,6 млрд. теңгеге 5 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде, ең ірісі «Gold Aluminium» компаниясы алюминий бұйымдарын өндіру жоспарлап отыр. Жобаның құны 3 млрд. теңгені құрайды, 100 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, «RZN» компаниясы автоклавталған газоблок өнімдерін өндіру жоспарлап отыр. Жобаның құны 1,5 млрд. теңге, 40 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Іске асатын жобалар ауданның өндірістік әлеуетін дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Жыл соңына дейін 26 млрд. теңгеге 20 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда. Нәтижесінде, 540 жаңа жұмыс орны құрылады. Жұмыспен қамту мәселесі басты назарда. мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды (жоспар мың адам), оның ішінде мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасты.
Ордабасы ауданының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Ауыл шаруашылығында 55,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға артты. Жалпы, 71,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ауданда 105,1 гектарда жылыжайлар орналасқан, (оның ішінде ағымдағы жылы іске қосылғаны 10,1 гектар), егістік жерлерді игеруде 501 гектарға тамшылатып суғару, 530 гектарға жаңбырлатып суғару жүйелері қолданылуда. Ағымдағы жылы қосымша гектарға жылыжайлар салынып, жалпы алаңы 1 мың 577 гектардан асты, 117 мың тонна өнім өндірілді.
Егіс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда гектарға артып, мың гектарға жетті (2022 ж. –мың га). Дала жұмыстары толығымен аяқталды. Жыл соңына дейін көкөніс, бақша, картоп өнімдерін тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге мың тонна картоп, мың тонна көкөніс, тонна бақша өнімдері жиналды.
«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша гектарға жоба жүзеге асырылып, мың тонна көкөніс өнімі жиналды. Ауданда ағын су мәселесі өзекті болып келеді. Каналдардың су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін 7 млрд. 277 млн. теңге қаралып, 9 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған нысандардың құрылысы 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 7 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыру мәселесін шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Биыл 21 каналдың 44,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, «Боралдай» су қоймасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынуда. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдың экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады.
Бағдарлама 6 бағытта жүзеге асырылуда.Өсімдік шаруашылығын дамыту; 2.Мал шаруашылығын дамыту; 3. Құс шаруашылығын дамыту; 4.Балық шаруашылығын дамыту; 5.Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау; 6. Тұрғындардың өз кәсібін ашу.Ордабасы ауданынан бұл жобаға 5 ауылдық округтері еніп отыр (Бадам, Шұбар,Шұбарсу, Бөржар, Қараспан).
Былтыр 17 сәуірден бастап несие алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарынан құжаттар қабылданып, бүгінгі таңда млн теңге құрайтын 160 жобаға өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен млн теңге құрайтын 112 жоба қаралып, жалпы соммасы млн теңгені құрайтын 133 жоба мақұлданды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарлануда.
Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен 2023 жылы қазан айында аудан әкімі жергілікті кәсіпкерлермен Қытай Халық Республикасына іс-сапарға барды. Іс-сапардың басты мақсаты – экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру. Іс-сапар барысында Ордабасы ауданы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында кәсіпорындарын құру мүмкіндігі талқыланды.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 18,2 млрд. теңгеден асып, 5,4 пайызға артты (НКИ). Өсім негізінен:
– өңдеу өнеркәсібі (11,9 млрд.теңге немесе 106,8%);
– электр энергиясын өндіру (33,3%-ға);
– суды жинау, өңдеу және таратудың (100,4%) есебінен қалыптасты.
Өңдеу өнеркәсібінде жүзеге асырылған, асырылатын жобаларды жазу керек.
2024 жылға арналған міндеттер:
– Өнеркәсіп өнімінің көлемін 28 млрд. теңгеге жеткізу;
– Өңдеу өнеркәсібінде өндіретін өнім көлемін 270 млрд. теңгеге жеткізу.
Жыл басынан «Еңбек» бағыты бойынша мың адам субсидияланған жұмыс орындарына жолданды, оның ішінде:
– «Жастар практикасы» арқылы;
– «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы;
– қоғамдық жұмыс орындарына жолданды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 102 жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде, жастар арасында кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында биыл жасқа несие беру көзделді.Несие жеңілдетілген 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін беріледі. Бүгінгі таңда, комиссияда жастың жобасы мақұлданып, кәсіпкерлігін дамытуға қолдау тапты.
Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Білім беру саласы бойынша ауданда 70 мектеп (66 мемлекеттік, 4 жеке меншік) жұмыс жасайды. Биыл, Қызылжар және Төрткүл елді мекендерінде 300 және Шұбарсу елді мекенінде 600 орындық 3 мектептің құрылысы жүруде Аталған мектептерді құрылыстары 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қажымұқан ауылындағы С.Ысмайлов мектебі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
Е.Ерназаров атындағы орта мектебінің күрделі жөндеуіне биыл 752 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар келесі жылы аяқталатын болады.
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен ауданда «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді.
Жоба шеңберінде, аудан аумағында мектептердің мәселесін шешу мақсатында аудандағы жаңадан 5 мектептің құрылысы жоспарлануда.
– Ақбұлақ елді мекенінен 300 орындық мектептің құрылысы;
– Темірлан елді мекені, Самал мөлтек ауданынан 900 орындық мектептің құрылысы;
– Бадам елді мекені, Орда мөлтек ауданынан600 орындық мектептің құрылысы;
Шұбарсу елді мекені, Қуаныш массивінен 900 орындық және Шұбарсу-2 массивінен 1 500 орындық мектептердің құрылысы. Бұл мектептер алдағы екі жылда пайдалануға беріледі. Ыстық тамақ, автобус лизинг, бейнебақылау,турникет, дабыл батырмасы.
Денсаулық сақтау саласында соңғы жылдары бірқатар нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Биыл Төреарық, Ықылас Темір, Дербес елді мекендерінде облыстық бюджет есебінен, Аққойлы, Жусансай елді-мекендерінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында фельдшерлік-акушерлік бекет салынуда. 2024 жылға арналған міндеттер: «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылға Ордабасы ауданы бойынша 3 медициналық нысандар салыну жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Ордабасы ауданында мәдениет және өнер мекемесі Биылғы жылы Қарақұм ауылдық мәдениет үйінің құрылысы пайдалануға беріледі.
Ауданда спорт саласын дамыту мәселесі ерекше назарда. Ағымдағы жылы 3 нысанның құрылысы жүргізілуде.
– Темірлан ауылынан 250 орындық спорттық сауықтыру кешенінің құрылыс;
– Қажымұқан ауылынан Қ.Мұңайтпасұлы атындағы мәдени спорт кешенінің құрылысы;
– Бадам ауылынан спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы;
Аудан тұрғындарын спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау және ұлтаралық қатынасты нығайту мақсатында ауданда 247 спорттық нысандар жұмыс жасайды. Кіші футбол алаңшалары. Салынып жатқан спорт нысандарының арқасында ауданның спорт инфрақұрылымы жақсаруда.
Халықпен кездесулерде көтерілген негізгі өзекті мәселелер – инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты. Ауданда 57 елді мекеннің сапалы ауыз сумен 54-і қамтылған. Тұрғындар санымен адам (мың адам) қамтылып, бұл көрсеткіш пайызды құрап отыр. Ауданда 3 елді мекен ауыз сумен қамтылмаған (Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ). Бүгінгі таңда 5 елді мекенде, олар Шұбарсу, Қараспан, Бейсен, Мақташы, Сарыарық елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қараспан, Бейсен, Мақташы, Сарыарық ауылдарына ауыз су жүйесін қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда. Шұбарсу елді мекеніне жыл қорытындысымен беру жоспарлануда. Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ елді мекеніндерін ауыз сумен қамту мақсатында, аудандық бюджеттен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 12 млн.теңге қаралды. Құрылысын қаржыландыру үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. 2025 жылы аудан тұрғындары таза, сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.
Қазіргі уақытта табиғи газбен 57 елді мекеннің 9-ы қамтылған, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 21,6 пайызды құрап отыр. Аудан бойынша 25 елді мекеннің (Бірлік, Жамбыл, Ақжол, Мақташы, Бейсен, Қараспан, Төреарық, Көлтоған, Берген, Батыр ата, Ынталы, Аманкелді, Бөген, Еңбекші, Елшібек батыр, Қызылжар, Көкарал, Спатаев, Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай, Шұбарсу, Төрткөл, Қарақұм) газ жүйесінің құрылыстарына биыл 3,8 млрд.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 17 елді мекен (Бірлік, Жамбыл, Ақжол, Мақташы, Бейсен, Қараспан, Төреарық, Көлтоған, Берген, Батыр ата, Ынталы, Аманкелді, Елшібек батыр, Спатаев, Қызылжар, Төрткөл,Қарақұм) газға қосылады Нәтижесінде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 21,6 пайыздан 46,8 пайызға артады. 8 елді мекеннің (Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай, Шұбарсу, Бөген, Еңбекші, Көкарал) құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, 15 нысанға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде (Жеңіс, Арыстанды, Ақсары, Жайылма, Көктөбе, Мәдениет, Жұлдыз, Жаңатұрмыс, Сарыарық, Жусансай, Кемер, Ынтымақ газ құрылысы, сондай-ақ Шұбарсу, Көкарал елді мекендерге жеткізуші газ құбыры). Аудан аумағында 1 398 шақырымды (республикалық маңызы бар-73,3, облыстық маңызы бар-242,8, аудандық маңызы бар-93,6, ішкі көшелер-988,3 шақырым) құрайтын жолдар бар. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бюджеттен 813,9 млн. теңге бөлініп, 13 елді мекендегі (Еңбекші, Спатаев, Қызылжар, Бейсен, Мақташы, Теспе, Жамбыл, Бөген, Бірлік, Берген, Ынталы, Тоқсансай, Береке) 26 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, аудандық бюджеттен 873 млн. теңге қарастырылып, 14 елді мекендегі 23 көшеге орта жөндеу жөндеу жүргізілуде. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 55,5 пайызға жеткізу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарының көлемі млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға өсті. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Сергек» жобасы іске асырылуда. Биыл ауданның бюджет көлемі 19 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістердің 21,9% құрап отыр. Ағымдағы шығындарға, даму бюджетіне бағытталды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат