Бейсенбі, 18 Желтоқсан 2025 21:52

Түркістан облысы: Қазығұрттағы «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешені жағыртудан өткізіліп, пайдалануға берілді

Түркістан облысы Қазығұрт асуындағы «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешені жаңғыртудан өткізіліп, пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті құттықтады.

– Ата-бабаларымыз «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған?» деп бекер айтпаған. 2004 жылы бой көтерген «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешені – ұлттың рухын көтеретін, тарих пен дәстүрді дәріптейтін ерекше нысан. Бүгін осы мемориалдық кешеннің қайта жаңғыртудан өтіп, жаңа кейіпке енуіне куә болып тұрмыз. Аталған ескерткіш – ұлттың бірлігі мен берекесінің, ізгіліктің символы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәдени мұра мен рухани туризмді дамытуды ел дамуының маңызды бағыты ретінде айқындады. Осы бағытта Түркістан облысында тарихи-мәдени нысандарды сақтап, өңірдің туристік әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазығұрт – тарихы терең өңір. Осы аймақта туризмді дамыту – ортақ міндетіміз. Бүгінгі жаңғыртудан өтіп, қайта ашылып отырған «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешені ел рухын асқақтататын ескерткіш болады деп сенемін. Халқымыздың мәртебесі Қазығұрт тауындай биік, әрбір бастамамыз жемісті болсын! – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Қазығұрт асуында орналасқан «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешені жаңғыртылып, абаттандыру жұмыстары толық жүргізілген. Жобаны «Қарағанды Көркем» ЖШС жүзеге асырды. Абаттандыру жұмыстары 2024 жылдың шілде айында басталып, 2025 жылдың қазан айында аяқталды. Мемориалдық кешеннің жалпы аумағы – 5 гектар. Кешен аумағында биіктігі 51 метр болатын мемлекеттік Ту орнатылған. Сонымен қатар 1880 шаршы метр аумаққа газон төселіп, 29 жарықтандыру шамы қойылды. Айналаны көгалдандыру мақсатында 400 түп шырша көшеті егілді. Нысан құрамына кеме пішіндес, биіктігі 11 метр болатын монумент, нақыл сөздер жазылған 3 монумент, 2 демалыс орны, 2 сауда орны, сондай-ақ әжетхана енгізілген. Аталған құрылыс жұмыстары әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, туристік әлеуетті арттыруға және елді мекеннің сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған.

Президент өз Жолдауында туризм саласын жүйелі түрде дамыту және туристік инфрақұрылымды жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы бұл бағыттың ел экономикасын әртараптандыру мен халықаралық имиджді арттырудағы маңыздылығын атап өтті. Түркістан облысында туризм саласы қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысының қолдауымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуі өңірдің туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтерді. Жыл басынан бері 500 мыңнан астам турист өңірге келіп, 5,5 млрд теңге табыс түсті. Туристерге жаңа бағыттар мен өнімдер ұсыну мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Түркістан қаласында Есу арнасы каналы мен Қолөнершілер орталығының құрылысы аяқталды. Жыл соңында 99 гектар аумақты қамтитын «Ипподром» пайдалануға беріледі. Аталған нысандар халықаралық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай. Қазіргі таңда, Түркістан облысына келген туристтер саны 400 мың адамға жетіп, 2024 жылдың тиісті кезеңінен 8,1%-ға өскен. Бұдан бөлек, тарихи орындарға 911,2 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 12,4%-ға өскен. Туризм саласына инвестиция тарту және инфрақұрылымды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Инфрақұрылымды жақсарту мақсатында туристік нысандарға барар жолдарды жөндеу бойынша жалпы соммасы 11,3 млрд теңге-ні құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, «Түркістан – Арыстанбаб» және «Батыс Қытай – Батыс Европа» автожолынан Сауран қалашығына бұрылыс алаңын орнату секілді жобалар қамтылған.

2025 жылдың 10 аймен туризм саласына 58,2 млрд теңге инвестиция тартылды, көрсеткіш өткен жылмен салыстарғанда 26,6%-ға өскен. Туристерге қосымша өнімдерді ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынған. Қ.А.Ясауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығын бюджет есебінен аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы іске қосылды  Елімізде баламасы жоқ «Есу каналы» іске қосылды. ТМД елдерінде тек Мәскеу және Самарқанд қалаларында ғана бар. Каналдың салынуы туризмнің және оның ішіндегі спорттық туризмнің дамуына септігін тигізеді. Отырар ауданның туристік әлеуетін ескере отырып Арыстан баб кесенесінде «Otyrar» visit centre жобасын іске асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда, визит центр жобасын іске асыру бойынша «Pana Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ Отырар қалашығының макетін қалыптастыру үшін қайта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, туризм бағытында дамыту жобалары пысықталуда. Аталған жобаның негізінде ескі қаланы туристерге ұсыну үшін арнайы инвестициялық ұсыныстар дайындалатын болады және инвесторлар тарту жоспарымызда бар.

Бұдан бөлек, өңірде 26,1 млрд теңгеден асатын 43 инвестициялық жоба іске асырылуда. Нәтижесімен 1130 жаңа жұмыс орны ашылады (тұрақты – 620, уақытша – 510). Келетін туристерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы әуежайының ұшу географиясын кеңейту жұмыстары да атқарылуда. Осы орайда, «Түркістан – Самарқан, Түркістан – Бұхара, Түркістан – Үргенш» бағытында әуе рейсін ашу жұмыстары жүргізіліп, «Scat Air» әуе компаниясымен рейстер іске қосылды. Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай және ашық аспан астындағы өзіндік мұражай болып саналады. Облыс аумағында 1700-ден астам тарих және мәдениет ескерткіші бар. Сонымен қатар облыста 251 орналастыру орны (қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерлері) және 117 санаториялық-курорттық ұйым жұмыс істейді. Туризмнен түсетін пайда көптеген елдердің экономикасының негізгі бөлігін құрайтыны белгілі. Туризмге деген қызығушылық күшейіп келеді. Мұны осы салаға салынатын инвестиция көлемінің жыл сайын 35 пайызға көбейетінен байқауға болады. Қазақстанда туристік саланың әлеуетін дамыту үшін бірқатар жобалар қолға алынған. Соңғы 5-6 жылдың көлемінде туристік ірі жобалардың басым бөлігі түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін иеленген Түркістан қаласында жүзеге асуда. Түркістанды ірі туристік орталыққа айналдыру көзделген.

Түркістан облысында туризм саласын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған іс-шара жоспары әзірленген. Аталған бағыттағы жұмыстар мен жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде ұдайы қаралып тұрады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақтың туристік мүмкіндігі толық қолданылмай тұрғанын айтып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеп келеді. Таяуда өткен сондай апталық басқосулардың бірінде облыс әкімі Нұралхан Көшеров – Туризм саласы бойынша бекітілген идикаторлар орындалуы тиіс. Жұмысты ширатыңыздар. Облыстағы туристік нысандарды ретке келтіруді, туризм саласын дамыту мақсатында нақты қадамдық іс-шаралар жоспарын тез арада бекітуді тапсырамын, – деген болатын.  Облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуовтің айтуынша, 2029 жылға дейін аймақтағы туристер санын 1 млн. адамға жеткізу межеленген. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында облысқа келуші туристердің әртүрлі категориялары бойынша нақты көрсеткіштер белгіленген. Атап айтқанда, орналастыру орындарында қалған туристер саны 550 мың адамға жетуі тиіс. Осы арқылы өңірдің қонақүйлері мен туристік инфрақұрылымының деңгейі мен тартымдылығын арттыру көзделуде. Сонымен қатар табиғи аумақтарға келетін туристер санын 200 мыңға, ал емдік-сауықтыру орындарына келетін туристер санын 250 мыңға жеткізу жоспарлануда.

Өңірдің туристік инфрақұрылымын жақсарту бойынша туризм саласына инвестициялар тартылып, жаңа туристік бағыттар мен қызметтерді іске асыру, Түркістан облысының табиғи, мәдени және тарихи байлықтарын тиімді пайдалану арқылы аймақтың туристік тартымдылығын арттыру жоспарланып отыр. Екіншіден, өңірдің туристік кластерін дамыту көзделуде. Жоспар үш негізгі кластерді қамтиды: этнокластер, экокластер және курорттық кластер. Үшіншіден, облыстың туризм саласында жаңа қызметтердің түрлерін кеңейту міндеті қойылған. Оның ішінде агротуризм, спелеотуризм, белсенді экстримальді туризм, сафари туризмі және жаңа мұражайлардың қызметтерін жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Халықаралық туристік дестинацияларда туристерге ұсынылатын бірыңғай қызмет түрде қарқынды дамыған. Соның ішінде City Pass туристік картасы үлкен сұранысқа ие. Бұл ретте өңірдегі мұражайлар, қонақүйлер, ресторандар, такси қызметтері және туристерге көрсетілетін басқа да қызметтерді біріктіре отырып, жеңілдетілген бағада туристік бағдарламаларды сату арқылы экономикалық табысқа қол жеткізуге болады. Сондықтан Turkistan City Pass электрондық туристік карта жүйесі іске қосылады. Өткен жылы Италияның «Alpin Tour», «Tomiris Travel» компаниялары мен серіктестеріне Түркістан облысының туристік бағдарламалары таныстырылып, Италия нарығында сатылымға шығарылған болатын. 2025 жылы Италия нарығынан 24 топ (әр топта орташа есеппен 20-25 турист) Түркістан облысына 2 күндік бағдарламамен келеді деп күтіліп отыр.

Түркістан шаһары бүгінде облыс орталығы ғана емес, еліміздегі ұлттық болмысымыздың, рухани қазынамыздың орталығы, яғни түркі дүниесінің  рухани астанасы болып отыр. Облыс орталығы болғалы Түркістан қаласы  түркі елдерінің басын біріктіріп, жақындастыра түсетін «Алтын көпірге» айналуда.  Орта Азия елдері мен Түркия мемлекетінің жалпы съездері, мәдени-рухани басқосулары, түркі мемлекеттерінің саммиттері Түркістан шаһарында жалауын көтереді. Оның мақсаты – рухани қалада  экономика және әлеуметтік саланың тамырына қан жүгіріп, мәдениет, білім және рухани ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жандандыру. Түркістан қаласының облыс орталығы ретінде анықталуы – ел тарихының жаңа парағы. Облыс төңірегінде туризмді дамыту үшін ауыл шаруашылығының барлық бағыттарын, өнеркәсіп саласын дамыту үшін тың қадамдар іске асырылатыны анық. Яғни бұл қадам өңірдегі экономиканың бизнестің, инфрақұрылым мен жолдың дамуына мүмкіндік туғызады. Түркістанның киелі мекен ғана емес, үлкен мәдениет орталығы, экономикалық ошағы ретінде дамуына мүмкіндік туғызады. Әкімшілік орталықтың көшірілуі жаңа жұмыс орындарын шоғырландырып, еңбекке жарамды халықтың басым көпшілігін жұмыспен қамтамасыз етеді.

Облыстың туристік әлеуеті өте жоғары. Әсіресе туризм кластерінің басым бағыты, көлік инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған. Облыс орталығы – Түркістан қаласы тарихи туризмнің алтын ұясы. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда. Сондықтан Түркістанда толықтай туристерге қызмет көрсете алатын орындар баршылық. Түркістан облысы – Қазақстанның тарихи және мәдени мұраларына бай өңірі. Түркістан қаласы, оның төңірегіндегі қасиетті орындар мен туристік бағыттар әлемнің әр түкпірінен келетін қонақтарға арналып отыр. Туризм саласының дамуы облыстың экономикалық әл-ауқатын арттырып, жұмыс орындарын ашуға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Түркістанның тарихи және мәдени ерекшеліктерін пайдаланып, туризмді дамыту қазіргі уақытта басты бағыттардың бірі болып табылады.Түркістан облысының туризм саласындағы басты ерекшелігі – оның тарихи маңызы. Қаладағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Айша бибі мен Қарнақ, Сауран, Отырар сияқты тарихи орындар мен ескерткіштер халықаралық туристер үшін үлкен қызығушылық тудырады. Түркістан қаласы ислам әлеміндегі ірі қасиетті орындардың бірі болып табылады, және оның мәдени мұрасы көптеген қажы, діндар туристерді тартуда. Сонымен қатар, облыстағы тарихи қалалар мен ескі сауда жолдары аймақтағы туризмнің дамуына серпін беруде.

Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, туристердің басым көпшілігі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, ҚХР, Германия, Италия елдерінен келген. Шетелдіктерден бөлек, Қазақстанның барлық аймағынан шипажайларға, тарихи орындарға келушілер баршылық. Демек, туризм Түркістан үшін таптырмас табыс көзі болғалы тұр.  Облыс орталығы Түркістан қаласының өзі  түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде талай туристі қонақжайлылықпен қарсы алатыны анық. Соған сай, көрсетілетін қызметтердің де сапасын жоғары талапқа сай етуді, қаланың туристік әлеуетін арттыру бойынша нақты қадамдық іс-шаралар жоспарын бекіту тиісті мекемелерге тапсырылған. Облыс орталығы атанған уақыттан бері бұл жұмыстардың ауқымы барынша ұлғая түскен. Ежелден рухани астана болып саналған Түркістан қаласы туризм кластері бойынша дамып, жылына миллиондаған туристерді қабылдайтын күнге де жетті. Ұлы Жібек жолының  дарқан даласына айналған өлкеде ертеден қалалар пайда болды, мәдени ошақтар салынды. Соңғы үш жылда Түркістан облыс орталығы болып, адам танымастай өзгерді. Жаңа құрылыс нысандары ерекше үлгіде бой көтерді. Бұл қаланың өсіп-өркендеуімен қатар, туризмнің қарқынды дамуына серпінді әсер етері сөзсіз.

Туризм саласын дамыту үшін инфрақұрылымның маңызды рөл атқаратынын ескере отырып, Түркістан облысында бірқатар жобалар қолға алынған. Қалада және оның айналасында қонақ үйлер, мейрамханалар, туристік кешендер салынуда, көлік жолдары мен әуежай қызметтері жетілдірілуде. Әсіресе, Түркістан әуежайының жаңаруы мен жаңа рейстердің ашылуы халықаралық туризмнің дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, облыс көлемінде туристік маршруттар мен экскурсиялық бағдарламалар ұсыну арқылы туристердің келуін көбейтуге мүмкіндік бар.Туризмді дамытуда мемлекеттік қолдау мен инвестициялар үлкен маңызға ие. Түркістан облысындағы туризмнің әлеуетін арттыру үшін жергілікті билік бірнеше бастамалар мен бағдарламаларды іске асырып жатыр. Мемлекет тарапынан туристік инфрақұрылымды дамыту, маркетингтік жобаларды жүзеге асыру, арнайы салық жеңілдіктері мен гранттар ұсыну туристік бизнес өкілдеріне жеңілдіктер жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекет туристік бағыттар бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізіп, халықаралық нарықтарға Түркістан облысының туризмін таныстыруда.

Туризмді дамытуда мәдени шаралар мен фестивальдердің маңызды рөлі бар. Түркістан облысында халықаралық деңгейде өтетін мәдени іс-шаралар мен фестивальдер, оның ішінде өнер, музыка, киім-кешек және қолөнер жәрмеңкелері, жергілікті халықтың мәдениетін тануға мүмкіндік береді. Әр түрлі спорттық жарыстар, марафондар мен этно-мәдени шаралар туристерді тартуға және облыстың имиджін арттыруға септігін тигізеді.Түркістан облысы туризм саласындағы дамуды одан әрі жалғастыруда. Облыстың тарихи-мәдени мұрасы мен табиғи байлықтарын тиімді пайдалану арқылы әлемдік туристік нарықта танымалдыққа ие болуы мүмкін. Туризмді дамыту – бұл облыстың экономикалық өрлеуінің маңызды аспектісі, себебі ол инвестиция тартуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды және жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді. Түркістанның туристік инфрақұрылымын жетілдіру, мәдени шараларды ұйымдастыру және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау арқылы өңірді халықаралық деңгейде танымал туристік орталыққа айналдыруға болады. 

Туризмді дамытуда қолөнершілік түрі туристік индустрияның қажетті құрамдас бөлігі болып келеді және туризмді дамыту жөніндегі көрсеткіштерін жақсартуға үлесі айтарлықтай. Қолөнершілер орталығын салу арқылы Түркістан облысы бойынша  қөлөнершілердің басын қосып, өңірдің туристік әлеуетін қолөнер туындылары арқылы жылжыту ісі маңызды болып саналады. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі мен асханасынан сыр шертетін, туристік ойын-сауық этно-кешеннің болуы туристердің қаламызға деген қызығушылығын арттырады. Аталған жоба арқылы туристердің қалада болу мерзімін ұзартуға, бюджеттік түсімдерін арттыруға өз септігін тигізеді.

 

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 182 рет