Шымкент: Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің отырысы өтті

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасының орынбасары Нұрдәулет Абдусаттаровтың модераторлығымен өткен жиынға Палата қызметкерлері, кәсіпкерлер, бухгалтерлер қатысты. 

Кәсіпкерлер палатасында құрылыс саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында құрылыс және көлік салалық кеңесінің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Ойрат Мамыровтың төрағалығымен өткен жиынға Палата қызметкерлері, қалалық прокуратура өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. 

Түркістан қаласы: түрік инвесторы «Turan» арнайы экономикалық аймағында зауыт ашуға ниетті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркиядан келген инвесторлар – «Е.С.А SEREL» компаниялар тобының өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында зауыт ашу мәселесін талқылады. Бірегей жоба Мемлекет басшысының түркітілдес елдерді біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асуда. 

Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

Түркістан өңірінде кәсіпорындар мен өндіріс орындарын бір жерге шоғырландыру, олардың тиімділігін арттыру және инвесторларға қолайлы жағдай қарастыру мақсатында арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылған. Қазіргі уақытта аталған аймақтардың санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Түркістан әуежайының табысы былтыр 740 млн. теңгені құрады

Түркістандағы халықаралық әуежайдың жұмысын жандандыру, жолаушылар ағымы мен рейстер санын көбейту бағытында жаңа жоспарлар жүзеге асады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған салаға жауапты басшыларды қабылдап кеңес өткізді. Әуежайды туризм саласымен үйлестіре отырып дамыту керектігін айтып, жауаптыларға тапсырмалар берді.

Жеке инвесторлар Түркістан қаласында бизнес ашып, кәсібін дөңгелетуге ниетті

Ондай инвесторлардың қатары күн санап артып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен қызығушылық танытып отырған азаматтар Түркістан қаласында, жалпы, облыста кәсіп ашуға жасалған жағдайдың қолайлы екенін алға тартады. Кәсіпкерлер автосалон, жекеменшік емхана, сауықтыру кешендері мен спорт кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр.

Түркістанда темір-бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорынның жылдық айналымы 6 млрд теңгеден асады

Түркістанда жылына 72 мың данадан аса темір-бетон бұйымдарын өндіруге қауқарлы «Нұр Строй ЛТД» ЖШС мекемесінің жұмысымен қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков арнайы танысты. Ал кәсіпорынның осы күнге дейінгі жетістіктерін мекеме басшысы Жеңіс Аманбаев аралау барысында мәлімдеді.