Түркістан: Бәйдібектің өндірістің әлеуетін көтеру жұмыстары жанданады

Бәйдібек ауданындағы пайдалы қазбаларды зерттеп, анықтап, соған сай жаңа өндіріс орындарын ашу керек. Бұл ретте, ауданның әлеуеті жоғары. Инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамыту маңызды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Бәйдібек тұрғындарымен кездесуінде осындай ойлар, ұсыныстар айтылды. Тұрғындар тарапынан мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптар берілді.

Түркістан облысының агротуризм және экотуризм бағытындағы мүмкіндіктері таныстырылды

Ақмола облысында Түркістан өңірінің агротуризм және экотуризм бағыты бойынша мүмкіндіктері таныстырылды.  «Jana dala/Green day 2024» атты мамандандырылған көрме-демонстрациясы Ақкөл ауданында екі күн қатарынан өтті.

Түркістанда 200 адамды жұмыспен қамтитын зауыттың іргетасы қаланды

Бүгін Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жаңа жобаны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Еліміздегі ең ірі машина жасау зауыттарының бірі Сайрам ауданында орналасқан

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында «ЮКМЗ» АҚ «Су сорғыш станциялар және ауыл шаруашылығы техникалары, мұнай компанияларына арналған техникалар, полимер бұйымдар» шығаратын зауытта болды.

Отырар ауданында балық шаруашылығын дамытуға ниет білдірушілердің қатары күн санап артып келеді

Түркістан облысында мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Аталған кәсіпті Отырар ауданында да дамытуға ниет білдірушілер қатары арта түскен. Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тауарлы балық шаруашылығын дамытуды қолға алған Талапты ауыл округіндегі «Баққара» шаруа қожалығында болды.

Отырар ауданының әкімі туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Көне тарихымыздан сыр шертетін бай мұраларымызды насихаттай отырып ішкі туризмді дамыту алға қойылған негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан Отырар ауданындағы киелі орындармен танысып, табиғатты тамашалауға келген шетелдіктерге қолайлы жағдай жасалуы қажет.

Отырар ауданы: депутаттар «Түркістан-Шәуілдір» бағытындағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Түркістан облысы аумағында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның ішінде Түркістан қаласы мен облыс орталығына келетін күре жолдарға ерекше басымдық берілген. Сондай маңызды жобалардың бірі «Түркістан-Шәуілдір» бағытындағы жалпы ұзындығы 64,1 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолы қайта құрудан өтуде. Нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары 4 учаскіге бөлініп, іске асырылуда.

Әр инвестициялық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқанын кезең-кезеңмен бақылауға болады

Шымкентте алғаш рет инвестициялық жобалардың интерактивті картасы іске қосылды. Бұл әр инвестициялық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқанын кезең-кезеңімен бақылауға мүмкіндік береді.