Түркістан облысы ет экспорттау жөнінен елімізде бірінші орында тұр

Түркістан облыстық Ауыл шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Баспасөз жиынында мекеменің жыл басынан бері жеткен жетістіктерін таныстырып, алдағы атқарылар жұмыс жоспарын баяндады. Айтуынша, 2018 жылдың 9 айында ірі қара мал басы саны 11 пайызға  артып, 972,6 мыңға жеткен. Қой мен ешкі саны 4,2 пайызға артып, 4323,0 мың басқа, жылқы 7,9 пайызға артып, 304,0 мың басқа, түйе 6,8 пайызға артып, 27,5 мың басқа, құс 8,2 пайызға артып, 1934,0 мың басқа көбейген. 

Түркістан облысында егістіктік көлемі 800 мың гектардан асқан

Түркістан облысындағы егістік жердің көлемі 807,4 мың гектарға жеткен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 798,4 мың болғанын ескерсек, 9 мың гектарға артқанын аңғаруға болады. Мұндай жетістікке «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жетіп отырмыз. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Отырарлық шаруалар «Ырыс-өркендеу» бағдарламасымен жұмыс істеуге ниет білдірді

«Ырыс» микроқаржы ұйымы Түркістан облысында жаңадан «Ырыс-өркендеу» бағдарламасын іске қосты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым шаруаларға аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бұл туралы «ОNTUSTIK» аймақтық инвестициялық орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары Темур Абильдинов отырарлық шаруалармен өткен кездесуде сөз етті. 

Сарыағаш ауданында 54 кәсіпкерге 312 млн теңге шағын несие берілген

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауының жетінші қадамында адами капиталды жаңғырту үшін азаматтарды нәтижелі жұмысқа тартуға көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына жағдай жасау қажеттігі туралы айтылып, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының азаматтарға бизнесті үйрету жөніндегі атқарып жатқан жұмыстары қолдауға тұрарлық делінген.

Қазақстанда өндірілген жүзімнің 72,5 пайызы Түркістан облысына тиесілі

Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Абай ауыл округінде жүзімдік алқабы 280 гектарға жетіп отыр. Қазір Абай округінде жүзім жинау науқаны аяқталуға жақын. Өңірдегі ең ірі «Махарам» шаруа қожалығы егіс алқабының әр гектарынан 25 центнерге дейін өнім алуда. Жүзімнің «Тайфы» сортынан жиналған өнімнің басым бөлігі Ресейге жөнелтілуде екен.

Түркістан облысы: Шардарада күріш жиналып жатыр

Қазанның басында Шардара ауданы бойынша егілген 1115 гектар күріштік алқапқа орақ түсіп, оның 530 гектары жиналып үлгерді. Диқандар қырманына 3720 тонна күріш салысы жиналды. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметі бойынша күріштің орташа өнімділігі гектарына 70,2 центнерден айналып жатыр.