Түркістан облысы: Жетісай ауданы әкімі жылысулықтармен кездесті

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Жылысу ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында алдағы мақта теру науқанына дайындық шаралары пысықталып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлерді цифрландыру, ауыз су, жол жөндеу мәселелері талқыланды. 

Түркістан облысының диқандары Ресей мен Қырғызстанға қауын-қарбыз экспорттап жатыр

Түркістан облысы Отырар ауданының диқандары қауын-қарбызды көрші мемлекеттерге экспорттап жатыр. Мәселен, бір ғана шаруашылық жиын-терін басталған бір аптаның ішінде 300 тонна өнімді Ресей мен Қырғызстанға жөнелткен.

Түркістан қаласында "ақылды үйлер" салынбақ

Дүйсенбі күні Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев француздық «Logelis GROUPE» құрылыс компаниясының жетекшілігімен кездесті. Қос тараптың екі жақты жүздесуінде шетелдік компания басшылығы аймақ басшысына облыс орталығы – Түркістан қаласында инновациялық технологиялармен жасалған коттеджді үйлерді салу жобасын ұсына келіпті. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан облысында «Ырыс – Өркендеу» жаңа бағдарламасы жүзеге аса бастады

«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының еншілес ұйымы «Ырыс» микроқаржы ұйымы жаңадан "ЫРЫС – ӨРКЕНДЕУ" бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «Ырыс» МҚҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысының экспорттаушы компанияларына кешенді қолдау көрсетілмек

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков облысымыздың 30-дан аса экспорттық әлеуеті бар кәсіпкерімен кездесіп, олардың жеке қажеттіліктерімен танысты.  Жиынға Түркістан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және кедендік декларацияны бақылау бөлімінің басшылары, сондай-ақ «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Атамекен» РКП» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Түркістан ауданы бойынша аймақтық филиалдары және «ОҢТҮСТІК» АИО өкілдері қатысып, өз тараптарынан эспорттаушы компанияларға көрсететін қызметтері туралы мәлімдеді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: Түлкібаста құрылысшыларға құрмет көрсетілді

Құрылысшы – қай уақытта да құрметті және абыройлы мамандық. Соңғы жылдары ауданда көптеген әлеуметтік нысандар салынып, сапалы және мерзімінде аяқтап, пайдалануға берілуде. Қарышты даму жолына түскен ауданда қазіргі заманға лайықты сәулетті ғимараттар қатары күн сайын өсу үстінде. Ел Тәуелсіздігінің 27 жылында өңіріміздегі алақандай ауылдарда еңселі, заман талабына сай зәулім білім ошақтары мен балабақшалар, медициналық нысандар, мәдениет үйлері мен әкімшілік ғимараттары бой көтерді. Жалпы ауданда ел егемендігі жылдарында 19 млрд. 200 млн. теңгеге 167 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, әрбір ауылда парктер мен аллеялар басқа да нысандар салынып ел игілігіне пайдалануға берілді. 

Түркістан облысы: ҚР Мәжіліс депутаты Берік Оспанов Келес ауданына іс-сапармен келді

Өткен жұма, яғни, 24-тамыз күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Серікұлы Оспанов Келес ауданына іс-сапармен келді. Сапар барысында ауданға қарасты Біртілек ауылдық округі, Еңбекші елдімекенінде орналасқан «КелесПласт» ЖШС ұжымымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.