Елбасы өз Жолдауында Түркістан облысындағы «Бөрте-Милка» компаниясының жетістігін тілге тиек етті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында Түркістан облысындағы «Бөрте-Милка» компаниясының жетістігіне арнайы тоқталды. Дәлірегі, «Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Мәселен, Түркістан облысында «Бөрте Милка» ЖШС-і жаңа заманауи технологияларды пайдаланудың арқасында өнімділікті 2 есеге арттырған» деді. 

Түркістан облысы: Ө.Шөкеев пен Ж.Түймебаев мақтааралдық шаруалармен кездесті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына жасаған сапары кезінде Мақтаарал ауданына да ат басын бұрды. Мақталы өлкедегі ауыл шаруашылығы саласының даму барысымен танысқан министр бірнеше нысандарды аралап көрді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлініп, өнімділік жоғарылап келе жатқанын жеткізді. 

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев жұмыс сапарымен Келес ауданында болды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Келес ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар барасында ауданның тыныс - тіршілігімен танысып, Қошқар ата ауылдық округіндегі «Өктемхан» шаруа қожалығында атқарылып жатқан жұмыстарға да қанықты.

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Жетісай және Мақтаарал аудандарында болды

Таяуда ҚР премьер-министрінің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы Жетісай және Мақтаарал аудандарына жұмыс сапарымен келіп кетті. Ол алдымен Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол» шаруа қожалығында болып, мақта теру жұмыстарымен танысты. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев министрге өңірдегі ауыл шаруашылы саласындағы жетістіктер мен атқарылған жұмыстарды айтып өтті.

Үндістандық компания Түркістан облысында құс шаруашылығына инвестиция салмақ ниетте

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Үндістанның «VENKY'S» компаниясының өкілдерімен кездесті. Үндістан нарығының 90 пайызға жуығын құс етімен қамтамасыз етіп отырған алпауыт компания Түркістан облысына инвестиция салуға ниетті. Кездесуде өңір басшысы облысымызда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға толық мүмкінік бар екенін жеткізді.

Түркістан облысы: Арыстың минералды суына сұраныс артып келеді

Арыс қаласында денсаулыққа өте пайдалы минералды су көзі бар. Бүгінде осы табиғи байлықты елге қолжетімді ету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. «Арыс минералды су» ЖШС бұрынғы ескі цехты жаңартып, құрылысын биыл аяқтады. Минаралды су шығаратың цехтың жалпы құны 250 млн. теңгені құраған. Жобаның қуаттылығына келсек, мұнда жылына 18 млн. литр су шығаруға болады.

Түркістанда өткен халықаралық инвестициялық форумға шет мемлекеттерден 250-ден аса делегат қатысқан

Түркістан қаласында «Көне Түркістан  – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық жəне туристік форум өтті. Форумға Еуропа елдерінен, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Иран,  Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан т.б.  мемлекеттерден 250-ден астам делегат келіп қатысты.

Түркістанда өткен халықаралық форумда құны 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын меморандумдарға қол қойылды

«КӨНЕ ТҮРКІСТАН  – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» атты Халықаралық инвестициялық жəне туристік форум аясында құны 1,7 млрд. АҚШ долларды құрайтын 19 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, Түркістан облысы әкімдігі мен Иран, Түркия, Чехия, Ресей, БАӘ, Малайзия, Италия, Польша, Қытай мемлекеттерінің инвесторлары арасында келісімдер жасалды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.