17-19 маусым аралығында Шымкент қаласымен бауырлас Худжанд қаласында өткен «Сугд-2024» Х Халықаралық сауда жәрмеңкесіне қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов бастаған делегация қатысты. Іс-шара аясында Қазақстанның Тәжікістандағы елшісі У.Әмірханұлы қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Жұмабекұлы, Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен және Худжанд қаласының төрағасы Ш. Фирдавспен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында Шымкент пен Худжанд қалалары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.