Шымкенттегі ірі қоймаларда азық-түлік қоры 2-3 айға жетеді

Тауарларды тасымалдауда қиындық жоқ.  Бүгін қаладағы ірі қоймаларды аралап шыққан қала әкімі М. Әйтенов осылай деді. Бағаны тұрақтандыру үшін 2020 жылы қордан 1,9 миллиард теңге қарастырылған. Мұрат Дүйсенбекұлы қажет болған жағдайда тағы 800 миллион теңге бөлуге болатынын жеткізді. Тұрақтандыру қорының көлемі 2,2 миллиард теңгені құрайды. 

Шымкент: Азық-түлік бағасын тұрақтандыратын меморандумдар түзілді

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар тауарларды (ұн, макарон, күнбағыс майы, қант) жеткізу үшін келісімшарттар түзілді. Қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков мәлімдеді. 

Шымкенттік компаниялар карантинге жабылған тұрғындарға азық-түлік таратты

Шымкент қаласындағы карантинге жабылған Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекенінің тұрғындарына жергілікті компаниялар жан-жақты қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жатыр.Бұл жөнінде Шымкент қаласыныңтөтенше жағдай бойынша штабы хабарлады. 

Шымкент: Коронавирустың алдын алу жұмыстарына қала бюджетінен 230 млн. теңге жұмсалды

Әлемді жайлаған індет өз қауіптілігін жоймай тұр. Осы мақсатта Шымкент қаласында сақтық шаралары күшейтілді. Коронавирустың алдын алу жұмыстарына қала бюджетінен 230 млн. теңге жұмсалып отыр. Бұл сома әрі қарай артуы мүмкін. 

Шымкентте азық-түлік қоры жеткілікті

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтты. Брифингте Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Б. Дүйсебеков, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директоры Н. Қабыштаев қатысқан брифингте азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстар жайлы баяндады.