Түркістанда шағын және орта бизнестің өнім көлемін ұлғайту бойынша жиын өтті

Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтың тапсырмасымен «Бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім шығару көлемін ұлғайту» тақырыбында жиын өтті. Аталған жиынға Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер, Статистика, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттері, Түркістан облысының кәсіпкерлік палатасы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ облыстық филиалдарының басшылары қатысты.

Түркістан: Түлкібасқа келетін туристердің саны артуда

Түркістан облысы Түлкібас ауданына жыл басынан бері жалпы 6 мыңнан астам турист келген. Соның ішінде 473 шетел азаматтары. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1040 туристке немесе 14 пайызға артып отыр.

Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша алдыңғы орында

Елбасының тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың наурыз айында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жұмысын бастаған болатын. ҚР Үкіметі бағдарлама бойынша халық тұтынатын тауарларды, шикізатты жәнебастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндірілуіне қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда бағдарламаны іске асырудан Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірдн жалпы құны 64,5 млрд. теңгені құрайтын 206 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бағдарламаны іске асыру бойынша Өңірлік жобалау офисінің кезекті отырысында мәлім болды.

Түркістан: инвестиция тарту және экспортты дамыту бағытындағы фронт офис ашылды

Қазақстан Үкіметі барлық аймақтарда инвесторларды сүйемелдеу бойынша фронт офистер қызметін жүзеге асыру ережесін бекіткен болатын. Аталмыш тәсіл инвестордың құжат жинау және дайындау процесіне қатысуын азайту және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейді.

Түркістан облысы: кентаулық шаруа «Сыбаға» бағдарлмасының арқасында кәсібін дөңгелетіп отыр

Кентау қаласы Қарашық ауылында «Нұр Балым» шаруақожалығы жұмыс істейді. 2011 жылы жұмыстарын бастаған шаруа 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 11 млн. теңге несие алып, 32 бас жергілікті мекеннен сиыр алған. Оларды сүт, ет бағытында қолдануда.