Сарыағашта жылына 6 млн. көшет өндіруге қауқарлы кәсіпорын бар

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібекжолы ауылдық округіндегі «Agro Tur» шаруа қожалығы 1 гектар жылыжайда ерте көктемгі дақылдардың көшеттерін дайындаумен айналысуда. Мұнда көшет түрлері мен санына шектеу жоқ. Яғни, жылына 5-6 млн түп көшет өндіруге қауқарлы.

