Түркістан облысының делегациясы Өзбекстанның кәсіпорындарын аралап, келіссөздер жүргізді

Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өндірісті дамыту, инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің өндірістегі тәжірибелері зерттеліп, келіссөздер жалғасуда. Түркістан облысының делегациясы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқанд, Жызақ өңірлеріндегі мата-тоқыма кәсіпорындары басшыларымен кездесіп тәжірибие алмасты.

Түркістан: ботаникалық бақтағы 15 гектар жерден 30 тонна өнім жиналады деп күтілуде

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың базасында орналасқан бірегей ботаниқалық бақ – аймақ үшін баға жетпес байлық. Бүгінде 88 гектар аумақты алып жатқан ботаниқалық бақта декоративті және жеміс талдарының 150-ге жуық түрі мен сорты бар.

Түркістан облысы: Созақ ауданының шаруаларына мемлекеттік қолдау шараларының берілу шарттары түсіндірілді

Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында шаруалардың қатысуымен жиын өтті. Онда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бөлінетін қажетті несие және мемлекеттік қолдау шараларының берілу шарттары түсіндірілді.

Түркістан облысында 6 жылда 9,5 мыңнан астам шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы құрылғаннан бері 6 жыл ішінде облыстық және аудандық жолдар мен көшелерді жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 311,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 9544,6 шақырым жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысында жаңа су үнемдеу технологиялары енгізіліп жатыр

Еліміздегі су үнемдеу технологиясын шығаратын ең алғашқы зауыт Түркістан облысында іске қосылды. Биыл екінші зауыт жабдықталып, өз жұмысын бастайды. «BNK Group LTD» компаниясы америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, айналмалы және фронтальды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты. Өндірістік техника 3 мың м2 метр аумаққа орналастырылды.

Түркістан облысының экономикасына тартылған инвестиция көлемі 972 млрд теңгеден асты

Түркістан облысында инвестиция тартуға басым бағыт берілген. Өңірде инвестициялық штаб жұмыс істейді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әрбір инвестормен жеке кездесіп, қолдап, әр жобаның түпкілікті жүзеге асуын жіті бақылайды.