Түркістан облысы: Созақ ауданының қарбыздары Ресейге экспортталады

Созақ ауданының бағбандары 15 келіден асатын қарбызды егіс алқабынан жинап жатыр. Ендігі жерде теріскейдің бақша өнімдері Ресейге экспортталады. Яғни биылдан бастап шаруалар қауын-қарбызын шетелге саудаламақ. 

Түркістан облысы: Кентау қаласында модульді мал сою бекеті іске қосылды

2019 жылы жүзеге асырылатын басымды 50 жобаның бірі қалаға қарасты Жүйнек ауылында құрылған модульді мал сою алаңы. Құны 11 млн. теңге тұратын бекет Алматы қаласынан әкелінген. Шаруақожалығының атауы «НұрФархат». 

Шардаралық шаруа әр гектардан кемінде 60 центнер мақта алуды жоспарлап отыр

Түркістан облысы Шардара ауданындағы «Балтабай» шаруа қожалығы биыл да мақтадан мол өнім алуды жоспарлап отыр екен. Шардара ауданы Көксу ауылдық округінде орналасқан «Балтабай» шаруа қожалығы бүгінде шитті мақта дақылын егіп, табысын арттырып отырған қожалықтардың бірі.

Түркістан облысы: кентаулық фабрика жылына 16 млн-нан астам жұмыртқа өндіреді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Кентау қаласына барды. Онда әуелі «Яссы-құс» фабрикасына аялдады. Шаруа қожалық 2016 жылы жұмысын бастаған. Негізінен жұмыртқа өнімін өндірумен айналысады. Фабрикада 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы 45000-50000 теңге аралығында. Қожалықта 4 жұмыртқалайтын  цех пен құрама жем сақтайтын қойма бар.  Жобаның  құны  – 198 млн. теңге. Қазіргі таңда  голландиялық «Лабраун»  породасынан  – 50 мың дана тауық бар. Фабриканың айлық қуаттылығы – 1 350 000 дана жұмыртқа, ал жылына 16 200 000 дана жұмыртқа шығаруға қауқарлы.

Түркістан облысы: Кентауда бетон зауыты іске қосылды

Түркістан облысы Кентау қаласында бетон өндіретін «Фахри СтройБетон» ЖШС іске қосылып, жұмысын бастады. Жаңа зауыт м150-м450 маркалы  бетондарды өндіреді. Өндіріс орны қазіргі таңда 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Зауыт сағатына  3 текше метрлік 120 дана бетон өңдеуге қауқары жетеді.